2018 жылғы 4-5 шілдеде Астана қ. Қазақстанда және басқа да Орталық Азия елдерінде көлік секторының тиімділігін жақсарту бойынша өңірлік семинар өтті.
Семинар жұмысына энергетика, ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің өкілдері, сонымен қатар Орталық Азия елдерінің көлік, экология, қаржы және экономика министрліктерінің уәкілетті лауазымды тұлғалары және халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты.
«Қазақстанда таза көліктің дамуына жәрдемдесу» жобасы көлік құралы шығарындыларын тұрақты азайту бойынша ғаламдық жобаның бір бөлігі болып табылады және 2019 жылдың соңына дейін жалғасатын болады.
Жобаның шеңберінде Қазақстанда автокөлік секторында мұнай тиімділігі базалық көрсеткіші талданатын және анықталатын болады, сонымен қатар елімізде автокөлік секторын дамыту сценарийі және олардың отынды пайдалану әсері үлгіленді.
Сонымен қатар «Қазақстанда таза көліктің дамуына жәрдемдесу» жобасын іске асыру өте тиімді көлік құралдарына жәрдемдесу, оның ішінде электрмобильдер, автомобильдерді таңбалау сияқты басқа да шаралар үшін бюджеттік-салық саясатын әзірлеуге ықпал етеді
Өңірлік семинарды аяқтау кезінде келесі қорытындыларға қол жетті:
Жобаны сәтті іске асыру үшін Орталық Азияның басқа елдерінде осыған ұқсас жобаларды жүргізу қажет;
Евро 5 және 6 стандарттарына сәйкес емес көліктерді кіргізуге және тасымалдауға салықты көтеру;
Климаттық факторларды, сонымен қатар көлік құралдарының белгілі түрін ілгерілету кезінде экологиялық әсерді ескеру;
Қазақстанның және өңірлердің көлік жүйесін жақсарту үшін Еуропа елдерінің тәжерибесін қолдану;
Еліміздің көлік жүйесін жақсарту үшін тек мемлекеттік бюджеттен ғана емес, халықаралық фондтар қаржысын да қолдану қажет.