Меню

Страницы

Статья

Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік тақырыбында семинар

2018 жылғы 20 шілде күні «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» тақырыбындағы семинар-жиналыс өткізілді. 
Семинар-жиналыста Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары Бақыт Әбділдаұлы Маханов «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның жұмысы туралы», KAZENERGY» қауымдастығының Әлеуметтік - еңбек қатынастары департаментінің директоры Айман Құдайбергенқызы Құсаинова «2017-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімнің негізгі ережелері туралы», Кәсіподақ төрағасы Пірімқұлов Керім Пірімқұлұлы «Химия, мұнай-химия және өндірістің ұксас салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының 2017-2019 жылдарға арналған салалық келісімді іске асыруы бойынша қызметі туралы», Кәсіподақ төрағасының орынбасары Көпбаев Сайран Ізтілеуұлы «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының 2017-2019 жылдарға арналған салалық келісімді іске асыруы бойынша қызметі туралы», «Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Серік Елемесұлы Әуесханов «Әлеуметтік әріптестік пен кәсіподақтардың негізгі рөлі» тақыптарында баяндамалар жасады.

Дата публикации
24 июля 2018
Дата обновления
17 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы