Меню

Страницы

Статья

ҚР СІМ мен KAZENERGY қауымдастығы Қазақстан Республикасындағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге арналған «Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты дамуға арналған жаңа шешімдер» атты брифинг өткізді

Ағымдағы жылғы 26 шілде күні Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен KAZENERGY қауымдастығы «Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты дамуға арналған жаңа шешімдер» атты бірлескен брифинг өткізді.

Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры Олжас Исабеков, KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов, KAZENERGY төрағасының кеңесшісі Арман Сәтімов және KAZENERGY қауымдастығының Халықаралық ынтымақтастығы бойынша ақтарушы директоры Талғат Қарашев, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы 60-тан астам шетелдік  өкілдіктерден өкілдер қатысты.

Кездесуде Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ бен энергетика саласындағы ағымдағы ахуалы, KAZENERGY қауымдастығының қызметі, халықаралық ұйымдар қызметіне қатысу, сонымен қатар халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру, оның ішінде: KAZENERGY Еуразиялық XII форумы және Дүниежүзілік Мұнай кеңесі отырысы (1-3 қазан, 2018 ж.) талқыланды. Өз сөзінде Әсет Мағауов жаңа инвестициялар тартуда икемді әрі ең бастысы тартымды жағдай құрудың маңыздылығын атап өтті. Ол жер қойнауын пайдаланушыларына заңнамалық базаны оңтайландыру бойынша жүргізілген жұмыс жайында және соның нәтижесінде Жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодекс пен жаңа Салық кодексі құрылғанын айтты.  

Сонымен қатар ары қарайғы талқылауда Әсет Мағауов алдағы уақытта жаңа Экологиялық кодексті әзірлеуді қамтитын маңызды бастамалар және мұнай өнімдері нарығын ынталандыру бойыша шаралар туралы сөз қозғады.

KAZENERGY қауымдастығының халықаралық ұйымдар жұмысына қатысуы және халықаралық іс-шараларды өткізу туралы баяндаманы Қауымдастықтың атқарушы директоры Талғат Қарашев жасады. Ол 1-3 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰНАЙ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕТІНІН, оған Дүниежүзілік мұнай кеңесіне мүше мемлекеттердің ұлттық комитеттері делегацияларының басшылары қатысатынын хабарлады. Оған қоса барлық қатысушылар «Инвестициялық мүмкіндіктер: Тұрақты дамуға арналған жаңа сын-тегеуріндер» тақырыбында өтетін конференция жұмысына шақырылды. Аталмыш шара Дүниежүзілік мұнай кеңесі аясында 2 қазан күні өтеді. Бұл конференция ҚР Энергетика министрлігі мен KAZENERGY қауымдастығымен ұйымдастырылады. Қарашевтың айтуынша, халықаралық конференция халықаралық қоғамдастықтың назарын аударуға және Қазақстанның мұнай-газ және энергетикалық салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.

KAZENERGY төрағасының кеңесшісі Арман Сәтімов өз кезегінде Қауымдастық мүшелері мен елшіліктердің сауда, коммерциялық департаменттері және халықаралық ұйымдар корпустарымен ынтымақтастықты KAZENERGY Ғылыми-техникалық Кеңесі базасында дамытуды ұсынды. Ол бұл жұмыстың мемлекеттер арасындағы тауар айналымды арттырғанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар сұрақтар қойды, мемлекеттер арасында өзара тиімді әріптестікті дамыту жайы талқыланды.

 

KAZENERGY баспасөз қызметі

(7172) 790181; 790173

Дата публикации
26 июля 2018
Дата обновления
17 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы