2018 жылғы 6 тамызда Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы халықаралық шартқа (ЯСЖТШ) қолдау көрсету мақсатында «Ядролық сынақтардың және олардың зардаптарының мониторингі» атты X Халықаралық конференциясы өтті. Конференция Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығының базасында өткізілді.
Конференцияның мақсаты - Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) күшіне енуін және Ядролық қауіпсіздік жөніндегі басқа да Шарттар мен Келісімдерді орындау үшін ынтымақтастықты қамтамасыз ету болып табылады.
Конференцияның жұмысына ҚР ЭМ-нің өкілдері және ядролық сынақтарды бақылау жүйелері мен әдістерін дамыту және оларды одан кеңінен қолдану саласы бойынша белгілі ғалымдар мен мамандар қатысты.
Конференцияда бірнеше бағыттар бойынша баяндамалар ұсынылды:
1. ЯСЖТСШ бақылау жүйелерінің шұғыл даярлығын жақсарту ;
2. Тіркелетін оқиғалардың зерделеу тиімділігін арттыру;
3. Ядролық жарылыстардың салдарын зерттеу және Жергілікті инспекция.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі