Меню

Страницы

Статья

Ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз етуге қатысты жағдай туралы

ҚР Энергетика министрлігі 2018 жылдың шілдесінен бастап күзгі ауыл шаруашылығы егін жинау науқаны басталғанын хабарлайды. Осылайша, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп бекітілген «2018 жылғы далалық жұмыстарға дизельдік отынды жеткізуге облыстарды бекіту кестесіне» сәйкес, агроөнеркәсіп кешені қажеттіліктерінің жалпы көлемі 394,4 мың тонна дизель отыны мөлшерінде белгіленді. Бұл отынның жалпы көлемінің 30-35% -ын құрайды. Жалпы, 2018 жылы аграршылар 769,4 мың тонна жалпы қажеттілікті жариялады. Көлемдер бойынша барлық өтініштер келісілді және мақұлданды.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін тамыз айында дизель отынының бағасы тоннасына мұнай өңдеу зауытынан 181 000 теңге немесе 1 литр үшін 150 теңгені құрады. Сонымен қатар, басқа тұтынушылар үшін дизельдік отынның ағымдағы бөлшек бағасы 1 литр үшін 183-187 теңгені құрайды.

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына сәйкес дизель отынына арналған акциз мөлшерлемесі ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап 1 литр үшін 7,7 теңгеге көтерілді. 

Ішкі нарықта және көршілес жатқан ЕЭО-ға мүше елдердің шекаралас аудандарындағы бағалардың айырмашылығына байланысты Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүктерді маусымдық көтеру және отынмен байланысты жанар-жағармайдың маусымдық өсуіне байланысты сұраныстың артуы байқалады.

Тапшылық мүмкіндігін жою және тұтынушылардың дизель отыны жеткізілімдерін бұзуының алдын алу үшін Энергетика министрлігі Қазақстандағы мұнай өнімдерінің негізгі түрлерінің қорларына тәулік сайын мониторинг жүргізеді.

Ағымдағы жылғы 6 тамыздағы дизель жанармайының жиынтық қоры 255,8 мың тоннаны құрайды, оның ішінде республиканың мұнай қоймаларында 193,1. Сонымен қатар, Аи-92 бензинінің қоры 347,9 құрайды, оның ішінде республиканың мұнай қоймаларында 299,7.

Ауыл шаруашылығына арналған айтарлықтай жеткізілімдердің аясында басқа тұтынушылардың жетіспеушілігін жою үшін Ресей Федерациясынан дизель отыны импортталады, оның құны РФ-ҚР шекарасында 238,5 теңгені құрайды (жеткізу және сақтауды қоспағанда), бұл АШТӨ-ге арналған баға деңгейінен 58,5 теңгеге жоғары және ішкі нарықтық бағалардан 28,4 теңгеге артық (Аргус деректері. Каспий нарығы). 

ҚР-мен көршілес елдердегі AИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бөлшек сауда бағасын салыстыру

 

Қазақстан Республикасы

Қырғыз

Республикасы

Өзбекстан Республикасы

 

Ресей

Федерациясы

Аи-92

155,8

219,8

238,8

231,2

Дизель отыны

183,5

226,7

186,9

246,8


-
Global Petroleum Prices халықаралық агенттігінің рейтингісіне сәйкес, (2018 ж. 30 шілде айындағы жағдай бойынша) Қазақстан ең арзан бензин сатылатын елдер арасында 10 позицияда, ал дизельдік отын бойынша — 167 елдің арасында 13 орында.

Қазақстан Республикасында дизельдік отын бағасының мемлекеттік реттеуі жоқ екенін ерекше атап өтеміз. Бағалар нарықтық механизм арқылы қалыптасады. Энергетика министрлігінде АШТӨ үшін дизель отынына деген бағаларды заңнамалық бекіту құзыреттілігі жоқ.

Айта кету керек, мұнай өңдеу зауыттарынан АШТӨ үшін дизель отынын тиеп жөнелту заңнамалық деңгейде басымдық негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жүкті бақылау және мониторингілеу тәулік сайын жүргізіледі.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Энергетика министрлігі 2018 жылғы далалық жұмыстардың тұрақты және уақтылы өткізу үшін АШТӨ-ні қолдау бойынша кешенді шараларды қабылдап отырғанын атап өтеміз.

 

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

 

Дата публикации
07 августа 2018
Дата обновления
17 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы