Меню

Страницы

Статья

«Жастардың әлемдік тәртіпке үлесі. Болашаққа көзқарас» халықаралық кездесуі

2018 жылғы 6-9 тамызда ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен Павлодар облысының «Баянауыл ұлттық паркі» демалыс аймағында Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстанның белсенді жастарының қатысуымен «Жастардың әлемдік тәртіпке үлесі. Болашаққа көзқарас» халықаралық кездесуі өтіп жатыр.
Ұйымдастырушылар «Самал» ОО МҚБ, Невада-Семей антиядролық қозғалысы, Халықаралық антиядролық жастар альянсы, «Чернобыль Одағы» ЗТБ, «Expo&Women» ҚҰ және т.б. 
Бұл іс-шараның мақсаты Мемлекет басшысының шақыруымен жасыл технологиялар, экономика мен экология, бейбіт атом саласының сарапшыларын, «Невада-Семей» ХАЯҚ ардагерлерін және ҚР Парламенті депутаттарын 2019 жылғы «Бейбітшілікке және ілгерілеуге жол» халықаралық лагеріне дайындау болып табылады. Жастар, жастардың санасында мәдениетті және бейбітшілікті, патриотизм мен Отанға деген махаббат сезімін тәрбиелеу үшін мемлекеттің және азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіруді жоспарлап отыр. Жас бейбітшілікті қолдау күштерін бейбіт атомды дамытатын ғалымдармен біріктіру экологияны жақсарту бойынша бірлескен жұмысқа жол ашады.
Кездесудің бағдарламасына Хиросима мен Нагасакиді еске алу күндері, мүгедектердің қатысуымен «Ана табиғатының монологы» эксклюзивті бітімгерлік бейнесінің премьерасы, «Жастардың әлемдік тәртіпке үлесі. Болашаққа көзқарас» атты дөңгелек үстел және басқа іс-шаралар кіреді.

Дата публикации
08 августа 2018
Дата обновления
17 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы