Меню

Страницы

Статья

Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық Кеңесінің 7-ші отырысы

2018 жылғы 16-17 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаевтың және Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі М.Д. Абилгазиевтың төрағалығымен Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық Кеңесінің кезекті 7-ші отырысы өтті. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтудің және транзиттік-көлік, су-энергетика, туризм және өзге де салалардағы бірлескен жобаларды іске асырудың алдағы жоспарлары талқыланды.

Қазақстан–Қырғызстан Үкіметаралық Кеңесінің 6-шы отырысының хаттамасының орындау нәтижелерін қарастырып, сауда, көлік, инвестициялар, энергетика, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ туризм мен цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуының қорытындылары талқыланды.

Кездесу барысында екі елдің Премьер-Министрлері деңгейінде Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық Кеңесінің 7-ші отырысының хаттамасына қол қойылды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы Келісімге және Қырғыз Республикасының Экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға өзгерістер енгізу туралы Хаттама қабылданды

Қазақстан–Қырғызстан Үкіметаралық кеңесінің келесі 8-ші отырысы 2019 жылы Бішкек қаласында өтеді.

 

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Дата публикации
16 августа 2018
Дата обновления
17 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы