Қазіргі уақытта жаңартылатын энергия көздері саласында инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында келесі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілуде:
1. «Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу ережелері»;
2. «ҚЕАО электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату ережелері»;
3. «Аукциондық баға бойынша электр энергиясын сатып алудың типтік келісімшарты».
Негізгі өзгерістер:
2. Аукциондық сауда-саттықтың тиімділігін арттыру мақсатында сауда-саттыққа қатысушыларға шарттарды қайта қарау.
Аукциондық сауда-саттық жүйесінде өтінім беру кезінде инвесторларға инвестициялық жобаның мөлшерін таңдау құқығын беру, бұл сауда-саттықтың тиімділігін арттыруды және жоба көлемін басқарудың икемділігін қамтамасыз етеді. Мысалы, белгіленген қуаттылықтың 50 МВт мөлшерінде аукционға қатысуға өтінім берген кезде, инвестор 40 МВт-ты жобаның ең төменгі табыстылық шегі ретінде белгілей алады. Электрондық жүйе жобаның 40-тан 50 МВт-қа дейін болуы мүмкін екендігін ескереді;
3. Бәсекелес ортаны жақсарту және аукционда сауда-саттықтың тиімділігін арттыру мақсатында аукционды өткізу кезінде бәсекелестік жағдайын келесі үлгідегідей қамтамасыз ету ұсынылады:
ü ұсыныс көлемі сұраныстың 130% -нан кем емес;
ü сауда-саттық аукционына қатысушылар саны – 2;
4. Сауда-саттыққа қатысу туралы өтiнiмдi қаржылық қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн 90 күннен 150 күнге өзгерту, бұл шарт талаптарын орындау үшiн қаржы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мерзiмдерiнiң өзгеруiне байланысты;
5. Шетелдік инвесторлар үшін аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді жеңілдету.
Шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor’s бойынша "ВВВ" немесе Fitch бойынша "Ваа2" немесе Moody’sInvestorsService бойынша "ВВВ" төмен болмайтын Қазақстан Республикасының резидент емес банктері тиісті қарсы міндеттемелер шығарусыз банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивтерін шығаруға құқылы;
6.ҚЕАО-мен келісімшарт жасасқаннан кейін РРА (электр энергиясының жаңартылатын энергия көздерін сатып алу шарты) шарттарын орындау үшін қаржылық қамтамасыз ету.
Келісімшарттар жасалған соң 30 күн ішінде инвесторларға банк кепілдігін алуды жеңілдететін қаржылық жағдайдың сақталуын қамтамасыз ету ұсынылады;
7.Жаңартылатын энергия көзi объектiсi құрылысының басталуын растайтын құжатты ұсыну мерзiмiн ұзарту
Инвесторларға алты ай көлемінде берілетін қосымша мерзім келісімшарт талаптарын орындау үшін қаржылық қауіпсіздікті ішінара тартпай құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жобалық құжаттаманы беруге мүмкіндік береді;
8. Құрылыс-монтаж жұмыстары барысында кемінде 70% мөлшерінде жаңартылатын энергия көздері объектісін пайдалануға беруге үлгермеген жобалар бойынша үлгілік шартты сақтау.
Жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру практикасы қалпына келетін энергия объектілерін салу кезінде инвесторлар электр станцияларын кезең-кезеңмен пайдалануға енгізуді пайдаланып отырғанын көрсетеді. Бұл жағдайда, егер жоба жеткілікті түрде дамыған болса, оны сатып алу туралы шартты жоғалтпастан бір жыл ішінде іске асыруға мүмкіндік беру ұсынылады. Бұл тұжырымдама инвесторлардың тәуекелдерін азайтады және саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады. Бұл жағдайда мерзімді ұзарту 15 жылдық келісімшарттың жалпы мерзімі есебінен келеді;
9.Қазақстанда жаңартылатын энергетика жобаларын іске асыру барысында инвесторларға пайдаланылатын өндіруші жабдықты пайдалануға тыйым салынады.
Бұдан басқа, Үкімет:
- ағымдағы жылдың соңына дейін екі норма енгізеді: (1) PPA келісімшартына халықаралық арбитраждық келісімшартты қосу мүмкіндігі және (2) ЖЭК объектісіне құқықтарды үшінші тұлғаларға беру (step-in-rights);
- 2019 жылы ҚЕАО-ның қаржылық тұрақтылығы мәселесін қарауды жоспарлауда.