2018 жылғы 13 қыркүйекте Қарашығанақ кен орнында (Қарашығанақ өңдеуші газ кешеніне арналған газды қайта өңдеу кешеніне арналған өндірістік шектеулерді жою жөніндегі жоба - ГШЖЖ) ірі инвестициялық жоба іске қосылды, оны жүзеге асыру туралы келісімге ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен ҚР Уәкілетті органы - «PSA» ЖШС мен Эни, Шелл, Шеврон, Лукойл және ҚазМұнайГаз компаниялары тұлғасындағы жоба акционерлері (бұдан әрі - Консорциум) арасында қол қойылды.
ГШЖЖ жобасының арқасында Қарашығанақ кен орнындағы өндірудің барынша жоғары деңгейі сақталады. Бюджеті 1,1 миллиард АҚШ долларын құрайтын бұл жоба ірі инвестициялық жобалардың бірі бола отырып, 2037 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының бюджетіне 3,2 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға қосымша кіріс түсіруді қамтамасыз етеді.
Осы жобаны іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамтудың минималды үлесі қызметкерлер құрамын жалдау кезінде 40% және 75%-ды құрайды.
Аталған жоба шикі газдың қосымша көлемін жылына 4 млрд. м3-ге дейін өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл газ көлемі сұйық көмірсутектерді өндіруді барынша арттыру үшін резервуарға қайта айдау үшін пайдаланылады, оның қосымша өсімі 10 млн. тоннаны құрайтын болады. Ол сондай-ақ, осы саладағы кейінгі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ресурс болып табылады.
«PSA» ЖШС бас директоры М.Жүребеков былай деп атап өтті: Консорциуммен келіссөздер өте күрделі болды. Энергетика министрлігінің басшылығының белсенді позициясының арқасында Консорциуммен өзара тиімді шарттарға қол жеткіздік және келіссөздер процесін сәтті аяқтадық. Бұл жоба шығынды бақылау механизмінің қолданылуымен сипатталады, оның мәні келісілген бюджет пен кесте бойынша жобаны іске асыруға жауапкершілік Консорциумға түседі дегенді білдіреді. Ал егер жобаның құны келісілген параметрлерден асып кетсе, мұндай қосымша шығындар жобаның акционерлері есебінен жүзеге асырылады.
Өндірісте озық технологияларды пайдалану сұйық көмірсутектерін өндіру мен экспорттау көлемдерін үнемі жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде Қарашығанақ жобасынан түсетін бюджет кірістеріне оң әсерін тигізеді.
Жоба қосымша инвестицияларды тартады және жергілікті құрылыс және мұнай сервистік компаниялары үшін үлкен қор құрады. Сонымен қатар қазақстандық мамандар алда келе жатқан жұмыста жетекші рөл атқарады.
Іске асыру барысы туралы ақпарат
Қарашығанақ жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Бритиш Газ/Шелл компаниясы тұлғасындағы шетелдік компаниялар альянсы (29,25%), ЭНИ (29,25%), Шеврон (18%), Лукойл (13,5 %) және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы (10%)арасында қол қойылған өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім аясында іске асырылады.
Қазіргі уақытта жоба 2-кезеңнің кәсіптік қызмет көрсету сатысында (бұдан әрі – 2М деңгейі), 2-деңгейде жылдық өндіру көлемі 11 млн. тонна сұйық көмірсутегі және 16,5-17,5 млрд м3 газ көлемін ұстап тұруымен сипатталады.
Өнімді бөлу жөніндегі түпкілікті келісімнің басынан бастап кен орнында 193,8 млн. тонна мұнай мен 255,8 млрд. м3 газ өндірілді. Ұқсас кезеңде резервуарға газды кері айдау 101,8 млрд. м3-ді құрады.

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі