Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Алматы қаласының әкімдігімен және "KazWaste" қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастықпен бірлесіп, 2018 жылдың 25-26 қыркүйегінде Алматыда өтетін "Өңірлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу саласын дамыту" тақырыбында семинар – кеңес өткізеді.
Семинардың өзектілігі Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен Шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай кәдеге жарату және қайта өңдеу шараларын қабылдау қажеттігінде.
Семинардың мақсаты Алматы қаласында іске қосылған қоқыс сұрыптау кешені мысалында тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау және қайта өңдеу саласында тәжірибе алмасу болып табы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Алматы қаласының әкімдігімен және "KazWaste" қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастықпен бірлесіп, 2018 жылдың 25-26 қыркүйегінде Алматыда өтетін "Өңірлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу саласын дамыту" тақырыбында семинар – кеңес өткізеді.
Семинардың өзектілігі Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен Шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай кәдеге жарату және қайта өңдеу шараларын қабылдау қажеттігінде.
Семинардың мақсаты Алматы қаласында іске қосылған қоқыс сұрыптау кешені мысалында тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау және қайта өңдеу саласында тәжірибе алмасу болып табылады.
Семинардың бірінші күні аясында "KagazyRecycling" ЖШС макулатурасын қайта өңдеу кәсіпорнына, "Kazakhstan Waste Recycling" ЖШС қайталама шикізатты қабылдау пунктіне және "Greenrecycling"ЖШС қуаты жылына 550 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды жаңа жоғары технологиялық қоқыс сұрыптау кешеніне бару жоспарланған.
Семинарға қатысуға жергілікті атқарушы органдардың, экология департаменттерінің, бизнес-қауымдастығының, «ӨКМ Операторы» ЖШС, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс саласында маманданған кәсіпорындардың өкілдері шақырылады.
Осыған байланысты, Министрлік аталған семинарға барлық мүдделі тараптарды шақырады. Семинарға қатысу үшін кандидатураларды ағымдағы жылғы 18 қыркүйекке дейінгі мерзімде а.almukhanov@energo.gov.kz электрондық поштасына жіберуді және олардың қатысуын қамтамасыз етуді сұраймыз.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі
лады.