Министрлік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты және теріс қылықтарды болдырмау, сондай-ақ осындай жәйт туғызатын жағдайларды жою үшін тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Қажетті шаралар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп жүзеге асырылады. Осылайша, мысалы, МҚІСЖҚА-ның іріктеме аудиті нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін 9 бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтар бойынша барлық тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында бұзушылықтардың жойылуы және МҚІСЖҚА-ның аудиторлық ұсынымдарының орындалуы және 2017 жылға арналған қоғамдық мониторинг нәтижесі ескеріліп, 2018 жылы Энергетика министрлігінің Жол картасы бекітілді. Қазіргі уақытта Министрлік құрылымында мамандандырылған департамент құрылды, оның міндеті - мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және көрсетілу мерзімін бақылау.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Энергетика министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен кеңесте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары О.А.Бектенов атап өткендей, ағымдағы жылдың бірінші жартысында ведомствоның орталық аппаратында 16 тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алып тасталған. Алайда, іс жүзінде айыппұлдарды алып тастау енгізілген күннен бастап үш айлық мерзім өткеннен кейін жүзеге асырылады.
МҚІСЖҚА өкілі сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарған Министрлік қызметкерлерінің есімдерін жариялады. Осыған байланысты, біз жоғарыда аталған қызметкерлер А.Е. Жүсіпов және Д.К. Шалқарбаев Министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері болып табылмайтынын тағы бір рет нақтылаймыз. А.Е. Жүсіпов және Д.К. Шалқарбаев Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облыстық экология департаментінің Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басты және жетекші мамандары (сәйкесінше) болып табылады. Қазіргі уақытта олар әкімшілік айыппұл төледі.
МҚІСЖҚА өкілі Қостанай облысында Министрлік қызметкері ұсталғаны туралы хабарлады. Бұл ретте біз аталған мемлекеттік қызметкердің Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкері екендігін ресми түрде мәлімдейміз. Бұл басқарма жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) құрылымына кіреді және Министрліктің аумақтық органы болып табылмайды.
Осыған дейін айтылғандай, вице-министрлер Ғ.Қ. Сәдібеков және Б.М. Жақсалиевке қатысты қозғалған қылмыстық істер шеңберінде, жағдайды толық және объективті бағалау үшін Министрлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросына жан-жақты жәрдемдесіп, барлық сұратылатын материалдарға шектеусіз қолжеткізуді қамтамасыз етіп отыр. Алайда, біз негізсіз қорытындылар жасаудан аулақ болуды және қылмысты қудалау органдарына қажетті қоғамдық пікірді туындатпай, тергеу аяқталып, сот органдарының үкімі шыққанша кінәсіздік презумпциясын бұзбауды орынды деп санаймыз.
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі