Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «С5+1» USAID жобасы шеңберінде Environmental Law Institute и Abt Associates бірлесіп, 2018 жылғы 25-26 қыркүйекте Астана қ., «Қазақстандағы климаттың өзгеруіне бейімделуге салалық және өңірлік сарапшыларды тарту» тақырыбында семинар өткізеді.
Семинардың өзектілігі Экологиялық кодексті жетілдіру шеңберінде климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелеріне арналған жаңа бөлімін әзірлеуіне байланысты. Жоспарланған нормалар бейімделу процесін құрайтын және орман, су, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы басым секторларды айқындайтын негізгі принциптер мен қызмет түрлерін көздейді.
Семинардың мақсаты - климаттың өзгеруіне бейімделу климаттың өзгеруінің әсері, бейімделу процесі бөлігінде заң жобасы туралы хабардарлықты арттыру және қатысушыларды осалдыққа бағалау жүргізуге үйрету.
Семинарға қатысуға орталық және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік ұйымдар мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері шақырылады.
Осыған байланысты, Министрлік аталған семинарға барлық мүдделі тараптарды шақырады. Семинарға қатысу үшін кандидатураларды (лауазымы мен телефонын көрсете отырып) k.zhangireeva@energo.gov.kz мекенжайына немесе +7 7172 74 08 12 телефоны бойынша ағымдағы жылғы 24 қыркүйекке дейінгі мерзімде ұсынуыңызды сұраймыз.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі