2018 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Б.О. Ақшолақовтың төрағалығымен Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның (бұдан әрі – Салалық комиссия) 3-ші отырысы өтті.
Отырыс барысында ҚР Энергетика министрлігінің уәкілетті өкілі 2018 жылғы 21 маусымдағы Салалық комиссиясының хаттамасын орындалуы және Салалық комиссиясы құрмының өзгеруі туралы баяндады.
Мұнай – газ, мұнай өңдеу және мұнай – химия өнеркәсібіндегі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі-іс-шаралар жоспары) дайындау жөніндегі жұмыс тобының жұмыс нәтижелері туралы "Kazenergy" қауымдастығының атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина сөз сөйледі. Жұмыстарды одан әрі жалғастыру және іс шаралардың түпкілікті жоспарын салалық комиссияның кезекті отырысына шығару туралы шешім қабылданды.
2018-2020 жылдарға ҚР Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы жаңа Бас келісімге қол қоюға байланысты 2017-2019 жылға ҚР Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімге өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы мәселе қаралды.
Сондай-ақ отырыс барысында «3-разрядты мұнай мен газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғылау бұрғылаушысының көмекшісі» жұмысшы мамандығының кәсіби стандартты әзірлеу туралы мәселесі талқыланды.
Аталған отырысқа ҚР Энергетика министрлігінің, қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің және жұмыс берушінің уәкілетті өкілдері сондай-ақ мұнай-газ кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі