2018 жылдың 25-26 қыркүйекте «Өңірлердегі тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу саласынының дамуы» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Алматы қаласының әкімдігі және «KazWaste» Қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастығымен бірлесіп қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату саласындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында өңірлік семинар өткізді.
Семинар-кеңестің бірінші күні қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеу бойынша мамандандырылған кәсіпорындарға баруға арналды. Семинар барлық Қазақстан бойынша қайталама шикізатты жинау бойынша алдыңғы қатарғы кәсіпорын «Kazakhstan Waste Recycling» макулатураны жинау бекетінен басталды, мұнда Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай бөлек жинаудың және халықты қайталама шикізатты қабылдау бекеттеріне тапсыруға үгіттеудің маңыздылығын атап өтті.
Кейін қатысушылар Орталық Азиядағы макулатураны қайта өңдеу және дайын өнімді шығару бойынша ірі кәсіпорын «Kagazy Recycling» барды. Пресстеу процесінен бастап дайын өнім алуға дейінгі қайта өңдеудің барлық циклінің өндірістік цехтары бойынша экскурсия жүргізілді.
«Green Recycle» ЖШС қоқыс ұсрыптау кешенінің жақында ашылуына байланысты қатысушылар вице-министрмен бірге аталған кәсіпорынға аттанды. Кәсіпорын басшылары «Тәртіп» АҚ, «KAZ Waste Conversion» ЖШС, «Green Recycle» ЖШС кіретін консорциум қызметімен таныстырды. Қатысушылар сұрыптау кешенін аралап қалдықтарды бірнеше фракцияға сұрыптау процесімен танысты.
Семинардың бірінші күні мемлекеттік-жекешелік әріптестің шеңберінде Алматы қаласында қалдықтарды кешенді басқаруды ендіру мәселелерін талқылаумен аяқталды. Жетекші сарапшылар және кәсіпорын басшылары саланы жетілдіру және ынталандыру шараларымен және идеяларымен бөлісті.
26 қыркүйекте семинар-кеңес Энергетика вице-министрі С. Нұрлыбай мен Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Мәкежановтың төрағалығымен өтті.
Коммуналды қалдықтарды басқарудың қазіргі жағдайы туралы Энергетика министрлігі Қалдықтарды басқару департаменті директорының міндетін атқарушы Гүлшира Әтемова, ал саланың проблемалары және перспективалары туралы «KazWaste» Қауымдастығының атқарушы директоры Вера Мустафина айтып берді. «ӨКМ Операторы» ЖШС атқарушы директоры Сергей Юрча өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) шеңберінде бөлек жинау инфрақұрылымын дамытуды қолдаудың мүмкіндігін туралы айтты.
Қалдықтарды бөлек жинауды, қайта өңдеуді және биогаз алуды сәтті ұйымдастыру тәжірибесімен Kazakhstan Waste Recycling», «ТАЗА ЖЕР МПК», «Green Technology Industries», «Зор-Биогаз» сынды кәсіпорындар бөлісті. Жергілікті атқарушы органдардың, экология департаменттерінің, бизнес-қауымдастытарының, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерінен келген қалдықтармен жұмыс жасау саласында мамандаған кәсіпорындар өкілдері талқылау форматында қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру бойынша қызықтыратын сұрақтарын қоя алды және саланың сарапшыларынан нақты ақпарат алды.
Вице-министр С. Нұрлыбай іс-шараның барлық қатысушыларына тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауды, сұрыптауды және қайта өңдеуді ендіруді саласындағы тәжірибемен алмасқаны және саланың дамуына қосқан үлестері үшін барлық қатысушыларға алғысын білдірді және жергілікті атқарушы органдарды бизнеспен МЖӘ механизмін пайдалану арқылы жобаларды жүзеге асыру бөлімінде, ӨКМ операторымен қалдықтарды бөлек жинауды және қайта өңдеуді ендіру бөлімінде өзара әрекеттесуді күшейтуге, алдын-ала қайта өңдеусіз полигондарда ТҚҚ көмуге тыйым салу бөліміндегі экологиялық заңнама талаптарын сақтау бойынша шаралар қабылдауға, сондай-ақ қалдықтарды бөлек жинау бойынша халықпен және заңды тұлғалармен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуге шақырды.