Меню

Страницы

Статья

Ядролық медицина: Қазақстандағы қазіргі жағдай

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ядролық медицинаны қолдану жаңа терапевтік әдістерге байланысты және ерте диагностикалаудың арқасында қатерлі ісік және басқа аурулардан болатын өлім-жітімді азайтады.

Радиофармацевтикалық дәрілік заттар (РФДЗ) ядролық медицинада көптеген ауруларды, ең алдымен онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу үшін қолданылатын дәрі-дәрмектер. Минималды инвазивті, тиімді диагностика және ауруларды емдеудің арқасында ядролық медицина әртүрлі әлеуметтік маңызды аурулармен күресуде танымал болып келеді.

Бұл қалай жұмыс істейді.

РФДЗ құрамында радиоизотоптар деп аталатын радиоактивті заттар бар. РФДЗ түріне қарай олар әртүрлі органдарда және органның түрлі бөліктерінде, соның ішінде қатерлі ісік клеткаларын жұқтырған бөліктерінде жиналады.

РФДЗ бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін ыдырайды. Бұл жағдайда денеде радиоактивті заттардың мөлшері іс жүзінде нөлге дейін төмендейді және денеден зиян келтірмей толықтай жойылады.

Радионуклид диагностикасы (РНД)

РНД кезінде пациенттің тамырына РФДЗ енгізіледі, ол органдар мен тіндерге таралып, патологиялық ошаққа да түседі. Одан соң адамды ағзадағы зардап шеккен жерлердің суретін алуға мүмкіндік беретін арнайы сканерлеу құрылғысына орналастырады. РНД қатерлі ісік клеткаларының белсенділігі деңгейін және таралу процесін анықтайды, таңдалған емдеу тәсілінің дұрыстығын бағалауға және аурудың ықтимал қайталануын уақтылы анықтауға көмектеседі. РНД-ның арқасында жаңадан пайда болған қатерлі ісіктің дамуының бастапқы сатысында анықтау мүмкін болып отыр. Бұл қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді төмендетеді және науқастарда аурудың қайталануы санын айтарлықтай азайтады.

Басқа диагностика әдістерінің қасында РНД-ның бірқатар артықшылықтары бар:

- тексеру амбулаториялық жағдайда жүргізіледі,

- қарсы көрсетілімдер, жанама әсерлер және жас шектеулері жоқ

- инвазивті емес,

- науқас үшін қауіп-қатерсіз бірнеше рет қайталануы мүмкін,

- бір реттік жүктеме рентгендік зерттеуден 10 есе аз.

РНД-ның екі бәсекелес технологиясы бар – позитрон- эмиссионды томография (ПЭT) және бір фотонды эмиссиялы компьютерлік томография (БФЭКТ). ПЭТ-тің БФЭКТ алдындағы негізгі техникалық артықшылығы - радиоактивтік ыдырауды анықтаудың жоғары сезімталдығы, жоғары кеңістіктегі ажыратымдылығы, қатерсіз және қатерлі ісіктердің айырудың жоғары дәлдігі, радиациялың дозасының төмендігі.

Өз кезегінде, БФЭКТ технологиясы ПЭТ-ке қарағанда құнының төмендігі және диагностика мен РФДЗ-ның қолжетімділігі себепті онкологиядағы басымдықты технология болып санала бере алады. Қазақстанда бір БФЭКТ диагностикасының бағасы шамамен 5000 теңге, ал ПЭТ-сканерлеу пациентке 175 мың теңге тұрады. Шетелде бұл процедуралардың бағасы әлдеқайда жоғары: АҚШ-та 3000 доллардан, Еуропада 2000 еуродан жоғары.

ПЭТ үшін жартылай ыдырау уақыты 1-2 сағатқа дейінгі қысқа мерзімді изотоптар пайдаланылады, сондықтан ол үшін РФДЗ өндіру орталықта циклотронның болуын көздейді. 18F-ФДГ (фтор-дезоксиглюкоза) - бұл ПЭТ үшін кеңінен қолданылатын ең танымал РФДЗ.

Бүкіл әлем бойынша БФЭКТ үшін технеция-99m негізіндегі РФДЗ-лер кеңінен қолданылады, бұл оңтайлы ядролық-физикалық қасиеттермен және осы изотоптың қол жетімділігімен түсіндіріледі. Технеция диагностика қажеттіліктерінің  75-80%-н қамтиды.

Қазақстанда РФДЗ өндіретін негізгі кәсіпорын - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» РМК (ЯФИ РМК). Оның базасында 2016 жылы радиофармацевтикалық препараттар өндірісінің корпусы мен радиациялық стерилизация корпусынан тұратын Ядролық медицина және биофизика орталығы пайдалануға берілді.

ҚР ЭМ ЯФИ РМК екі РФДЗ-ны - натрий пертехнетатын (99mTc) және натрий йодидін (131I) сериялық түрде өндіреді және оларды еліміздің РНД филиалдарына жеткізеді.

Қазақстанда жалпы радионуклидтік диагностиканың 6 бөлімшесі жұмыс істейді: ҚР ЖПБ Медициналық орталығының ауруханасы және Астанада «UniversityMedicalCenter» корпоративтік қоры, «Сұңқар» онкология орталығы, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Алматы Онкология және радиология ҒЗИ, сондай-ақ Семей қаласының Өңірлік онкологиялық диспансері.

Елімізде радионуклидті терапия (РНТ) жоқ. Бұл процедурада, сондай-ақ диагностика кезінде ағзаға РФДЗ енгізіледі. Аурудың түріне және басқа факторларға байланысты РФДЗ ауыз арқылы, тамырға, тіндерге немесе қуысқа салу жолдары арқылы жүзеге асырылады. РФДЗ-ның патологиялық ошақта іріктеліп жиналуының арқасында ағзада қоршаған тіндері сақталып, қатерлі ісік клеткалары бұзылады. Бұл процедураны пациенттер жақсы көтереді және госпитализациялау аз уақытты алады.

                                                                      ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Дата публикации
28 октября 2018
Дата обновления
14 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы