Бүгін ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі және Өкілетті орган «PSA» тұлғасында Қазақстан Республикасының Үкіметі, сондай-ақ Эни, Шелл, Шеврон, Лукойл және ҚазМұнайГаз (бұдан әрі - Консорциум) компаниялары тұлғасында Қарашығанақ жобасының акционерлері Объективтілік индексі бойынша дауды достық жолмен реттеу жөнінде қағидаттық уағдаластыққа қол жеткізді. Тараптар реттеудің негізгі шарттарын бекітетін Қағидаттар туралы келісімге қол қойды.
Республика мен Консорциум арасында пайда беретін өнімді бөлу мәселесінде тараптардың үлестерін калькуляциялау әдістемесі бойынша келіспеушіліктер болатын. Осыған орай Қарашығанақ жобасының Өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімнің (бұдан әрі - ӨБТК) шарттарына сәйкес Республика өз құқықтарын қорғау үшін халықаралық төрелікке талап-арыз берген болатын. Дегенмен, көп жылдық ынтымақтастық тәжірибесін ескере отырып, тараптар келіссөздер барысында дауды реттеудің өзара тиімді бейбіт жолын тапты.
Осылайша, Тараптар уағдаластықтарды бекіту үшін Қағидаттар туралы келісімге қол қойды. Осы келісімде реттеудің мынадай негізгі шарттары келтірілген:
Осылайша, осы реттеудің жалпы ақшалай құндылығы Республика үшін $1,7 млрд. АҚШ долларын құрайды, оның ішінде шамамен $1,3 млрд-ты мемлекет жақын арада алады.
«Бұл Консорциуммен жүргізілген күрделі келіссөздердің бірі болды, үш жылдай уақытқа созылды. Мұндай ұзақ мерзімнің болуы даудың күрделі мазмұны мен сипатын ғана білдірмейді, бұл біздің, біріншіден, еліміздің экономикасын алға қойғанымызды, яғни, келіссөздер шеңберінде Республика үшін пайданы барынша көбейтуді көздегенімізді айқындайды.
Дауды бейбіт жолымен реттеу - Республиканың стратегиялық әріптестермен туындайтын дауларды келісімшартта көзделген ережелерге сәйкес достық жағдайында шешетінін көрсетеді. Бүгінгі таңда реттеудің негізгі қағидаттарын келістік және ағымдағы жылдың соңына дейін Дауды реттеу туралы түпкілікті келісімге қол қойып, мәмілені аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ, қосымша аталған дауды реттеу біз үшін өте маңызды болғанын атап өткім келеді, себебі, бұл дау Қарашығанақ жобасын одан әрі дамытуда белгісіздікті тудырды. Осыған байланысты, Консорциумның Қарашығанақ жобасының болашақ дамуы үшін маңызды инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру бойынша міндеттемелерін қабылдауы аталған уағдаластықтың түбегейлі элементтерінің бірі болып табылады», - деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаев.