ҚР Энергетика бірінші вице-министрі М.Досмұхамбетов ДМК Жастар комитетінің мүшелерімен, 2009-2017 жж.KAZENERGY Білім беру бағдарламасының стипендиаттарымен және Student energy challenge сайысына қатысушылармен кездесті.
М.Досмұхамбетовтің ашық және жан – жақты әңгімесі Дүниежүзілік мұнай кеңесінің жастар қанаты мен жас мамандарының есінде ұзақ сақталады. Энергетика бірінші вице-министрі қатысушыларға отандық және әлемдік энергетикалық секторлардың дамуы, жас ұрпақтың әлеуетін іске асыру үшін Қазақстан үкіметі қандай жағдайлар жасайтыны туралы айтып берді.
Мұнай - газ мамандығының алғашқы қадамдарын жасайтын студенттер мен мамандар Қазақстандық алып кен орындары, Қазақстан іске асыруы тиіс көмірсутек шикізатын өндіру және тасымалдау жөніндегі жобалар туралы естіді. Алдағы уақытта автокөлік саласында қолданылатын отын түріне қатысты жас мамандардың қызығушылығын тудыратын дәстүрлі қызықты сұрақтар да назардан тыс қалған жоқ. Сондай-ақ қонақтар энергетика саласындағы Қазақстандық білім беру бағдарламаларына қызығушылық танытты.
ҚР Энергетика бірінші вице-министрі М.Досмұхамбетовтің жастармен бейресми кездесуі ДМК қонақтарына Қазақстанның отын-энергетика саласы, оның әлеуеті мен перспективалары туралы білуге тамаша мүмкіндік берді.
