2 қазанда Астана қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік мұнай кеңесінің шеңберінде «Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты өсу үшін жаңа шешімдер» конференциясы өтеді. Іс-шара ұйымдастырушылары - KAZENERGY қауымдастығымен бірлесіп, ҚР Энергетика министрлігі.
Негізгі спикерлерінің ішінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Дүниежүзілік мұнай кеңесінің президенті Тор Файеран, «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының төрағасы Тимоти Беннет, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алик Айдарбаев, KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Жамболат Сәрсенов, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, PricewaterhouseCoopers Strategy&Россия әріптесі Ирина Гайда болады.
Конференция алаңында тұрақты энергия көздерін тиімді басқарумен, энергоресурстарды өндіруді, сақтауды және пайдалануды бақылаумен, энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етумен, климатты өзгертумен және көмірқышқыл газ шығарындыларын төмендетумен, баламалы энергия көздерін пайдалануды ынталандырумен, энергия тиімділігі бойынша бағдарламаларды енгізумен, «ақылды» энергетикамен, уран және атом саласын инновациялық дамытумен байланысты мәселелер мен проблемалар талқыланады.
Бұдан басқа, Дүниежүзілік мұнай кеңесі және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз маслихаты және негізгі баяндамашылармен көптеген сұхбаттар өткізіледі.
2018 жылғы 1-3 қазан аралығында Астана қаласында Дүниежүзілік мұнай кеңесі (World Petroleum Council) (бұдан әрі – ДМК) отырысы өтіп жатқандығы туралы естеріңізге саламыз. Оған ДМК-ға мүше елдердің ұлттық комитеттерінің басшылары мен делегациялары, 30 елден келген ірі халықаралық салалық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ОПЕК мүшелері қатысады.
Мүше елдердің ұлттық комитеттерінің өкілдері ұйым қызметі, мұнай-газ нарығын дамыту үдерістері, инновациялық технологиялар, дүниежүзілік энергетикалық ресурстарын пайдалану туралы талқылайды.
ДМК бағдарламасымен ДМК кеңесінің отырысын өткізу жоспарланған, ол жыл сайын мүше елдердің бірінде өткізіледі және барлық делегаттардың қатысуымен ұйымның қорытынды іс-шарасы болып табылады. Бұдан басқа Атқарушы және Бағдарламалық комитеттерінің отырыстар, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен гендерлік саясатты дамыту мәселелері бойынша бірлескен сессия және жастар комитетінің арнайы іс-шарасы өтеді.
|
баспасөз орталығы (7172) 790181; 790173 8 7019998712; 8 7750009423 asselyamd@gmail.com |