2018 жылы 02 қазанда Астана қ. Қазақстан Республикасының вице-министрі С.Н. Нұрлыбайдың төрағалығымен «Қазақстанда Орхусс конвенциясын іске асыру»ұлттық дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің қолдауымен ҚРЭнергетика министрлігімен «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК бірлесе ұйымдастырылған.
Семинарға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.Ә.Қаракен, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің басшысы Елші Дьердь Сабо, ҚР Жоғары Сотының судьясы Б.Б.Шермұхаметов, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының Басқарма төрағасы А.С. Соловьева, халықаралық ұйымдарының, мемлекеттік мекемелердің, аймақтық Орхусс орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдарының, ЖОО және ҚР ЭМ Қоғамдық кеңестің өкілдері, ұлттық, халықаралық сарапшылар және табиғатты пайдаланушылар қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстан Республикасында Орхус конвенциясының нормалар орындауын талқылау.
Кездесу кезінде Қазақстан Республикасында Орхус конвенциясын іске асыруына қатысты және Орхус конвенциясын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша екі тақырыптық сессиялар өткізілді.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің жаңа редакциясының Тұжырымдамасы және 2018-2020 жылдарға арналған Қазақстандағы Орхус қозғалысының даму жоспары таныстырылды.
Орхус конвенциясына Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тiркелiмi (ЛШТТ) туралы хаттамасы мен Генетикалық өзгертілген организмдер (ГӨО) туралы түзетулерді ратификациялау бағыты бойынша ақпарат ұсынылды.
ЛШТТ және ГӨО енгізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша сұрақтар; ЛШТТ онлайн-есептілік жүйесін іске асыру сұрақтар; эмиссиялар бағалау әдістері бойынша басқару жобасы, сондай-ақ Стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) және Қоршаған ортаға әсердi бағалау заманауи рәсімдерің енгізу арқылы Қазақстанда экологиялық бағалаудың рөлін күшеюі, шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуы, Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама бойынша сұрақтар қарастырылды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Б.Б.Шермұхаметовтың Сот тәжірибесінің жекелеген мәселелері туралы баяндамасы тыңдалды.
Дөңгелек үстел Орхус орталықтарымен және ҮЕО мемлекеттік мекемелерге белсенді өзара әрекеттестікке игі алаң болып табылды.
Дөңгелек үстелдің қорытынды бойынша Орхусс конвенциясын іске асыру шеңберінде ұсынымдар берілді.

