Меню

Страницы

Статья

Аукцион саудалары бойынша хабарландыру

"Назар аударыңыз! Құрметті сауда-саттыққа қатысушылар! Сізге 2018 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 360 бұйрығына қол қойылғанын хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 18 жылғы 22 ақпандағы №65 бұйрығымен бекітілген 2018 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес, "КОРЭМ" АҚ ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты келесі түрде өткізетіні туралы хабарлаймыз:

1)  ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық 2018 жылдың 3 қазанында өтеді – шағын ЖЭС, Сатып алынатын белгіленген қуат көлемі – 50 МВт, БЭЖ аймағы – Солтүстік, құжаттарды қабылдаудың аяқталуы – 25.09.18 ж. дейін, Ұйымдастырушының өтінім берушіден қол қойылған шартты алуы – 02.10.18 ж. Астана уақытымен 12:00-ден кешіктірмей, Ұйымдастырушының қызметін төлеу мерзімі – 02.10.18 ж. Астана уақытымен 18:00-ден кешіктірмей, ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-не қаржылық кепілдіктерді берудің соңғы мерзімі – 28.09.2018 ж., ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық 2018 жылдың 4 қазанында өтеді – ірі ЖЭС, сатып алынатын белгіленген қуат көлемі – 250 МВт, БЭЖ аймағы – Солтүстік, құжаттарды қабылдаудың аяқталуы 26.09.18 дейін, Ұйымдастырушының өтінім берушіден қол қойылған шартты алуы – 03.10.18 ж. Астана уақытымен 12:00-ден кешіктірмей, Ұйымдастырушының қызметін төлеу мерзімі – 03.10.18 ж. Астана уақытымен 18:00-ден кешіктірмей, «ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-не қаржылық кепілдіктерді берудің соңғы мерзімі – 01.10.2018.  ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық ағымдағы жылдың 3-4 қазанында Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №466 бұйрығымен бекітілген "Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына" сәйкес өткізілетін болады. Бұл ретте осы - мәлімделген сұранымның жиынтық ұсыныс көлемі 150%-дан кем емес және аукциондық сауда-саттықтың қатысушылар саны 3-тен кем емес шарттарды орындаған кезде, Ұйымдастырушы бағаны есептейді;

2)  ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша кейінгі аукциондық сауда-саттық Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі №360 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып жүргізіледі. Онда 51-тармаққа сәйкес Ұйымдастырушы келесі шарттарды орындаған кезде бағаны есептейді:

  • мәлімделген сұранымның жиынтық ұсыныс көлемі 150%-дан кем емес;
  • аукциондық сауда-саттыққа тіркелген және жіберілген қатысушылардың саны екеуден кем емес.

«Заңнама» бөлімінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары», Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі №360 бұйрығымен бекітілген «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу Қағидаларға» енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, «Жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу бойынша Әдістемелік нұсқаулықтар» орналастырылған.

Сіздің сұрақтарыңызға келесі нөмірлер бойынша көмектесуге және жауап беруге қуаныштымыз:  +77172690706, + 77172690726».

Дата публикации
03 октября 2018
Дата обновления
14 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы