Меню

Страницы

Статья

Баспасөз хабарламасы ҚР Энергетика министрлігінде ҚР Энергетика вице-министрі С. Нұрлыбай РФ ғылыми-зерттеу институтының директоры Д.О. Скобелевпен кездесті.

2018 жылы 3 қазанда ҚР Энергетика министрлігінде Энергетика  вице-министрі С. Нұрлыбайдың төрағалығымен Ресей Федерациясының ең озық қолжетімді технологиялар (ОҚТ) Бюросының басшысы, «Экологиялық өнеркәсіптік саясат орталығы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Д.О. Скобелевпен кездесу өтті.

Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің, Ауыл шаруашылығы, Инвестициялар және даму министрліктерінің, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастықтарының, тау-кен өндіруші және тау – кен металлургия кәсіпорындарының, тұрақты даму үшін табиғат пайдаланушылардың, «Атамекен» сауда-өнеркәсіп палатасының, Америкалық сауда палатасының және т. б. өкілдері қатысты.

 «Мемлекет басшысы Энергетика министрлігіне экологиялық кодексті өзектендіру бойынша міндет қойды. Осыған байланысты, өндіріс үдерісіндегі ОҚТ қағидаларын енгізу бойынша басқа елдің тәжірибесі бізге өте қызықты. Ресей Федерациясы осы бағытта пост-кеңестік кеңістіктегі алғашқы елдердің бірі болды, ол кәсіпорындарға ең озық қолжетімді технологияларды пайдалануға және кешенді экологиялық рұқсаттарға ауысуды ұсынуға шешім қабылдағандығын» вице-министр С. Нұрлыбай кездесу барысында атап өтті.

Өз кезегінде Д. Скобелев ресейлік ең озық қолжетімді технологияларды енгізу тәжібиесінің презентациясын ұсынды. Д. Скобелев кіріспе сөзінде барлық мүдделі тараптардың мүдделерін ескере отырып, қоршаған ортаны қорғауға теңгерімді көзқарастарды әзірлеу маңыздылығын атап өтті.

Өткізілген кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасындағы ОҚТ негізделген реттеу жүйесіне өту шеңберінде консультацияларды жалғастыру және тәжірибе алмасу туралы шешім қабылдады.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Дата публикации
04 октября 2018
Дата обновления
14 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы