Меню

Страницы

Статья

Астанада Қазақстанның солтүстік және оңтүстік аймақтарына арналған ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша он бесінші аукцион өтті

2018 жылдың 10 қазанында Қазақстанның солтүстік және оңтүстік аймақтарына арналған жалпы қуаты 55 МВт құрайтын гидроэлектр станциялары жобаларын іріктеу бойынша он бесінші аукцион болып өтті.

5 компаниядан 5 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 13,88-26 МВт-қа дейінгі көлемді құрады. Өтінімдердің жалпы көлемі 101,08 МВт құрады.  Аукциондағы бастапқы баға – 16,71 теңге/кВт*cағ.  3 сағаттық сессияның қорытындысы бойынша қатысушылардың өтінімдерінде ұсынылған баға диапазоны 14,85 теңге/кВт*cағаттан 16,71 теңге/кВт*cағатқа дейін артты.

Қатысушылар саны екеуден артық және сатып алынатын қуат мөлшері 130% жоғары болғандықтан, «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларға» сәйкес аукцион өткізілді деп саналды.

Аукционда бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.  Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша келесі қатысушылар жеңімпаз болып анықталды:

1.     «КазГидро Оперэйтинг» ЖШС 13,88 МВт-қа 14,85 теңге/кВт*cағ. бағамен;
2.     «Каскад Каратальских ГЭС» ЖШС 21,6 МВт-қа 14,9 теңге/кВт*cағ. бағамен;
3.     «Коринская ГЭС-2» ЖШС 26 МВт-қа 15,48 теңге/кВт*cағ. бағамен.

Анықтама ретiнде:

ҚР ЭМ 21.12.2018 ж. №466 бұйрығымен бекітілген 2018 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес ағымдағы жылдың 23 мамырынан 7 маусымына дейін және 3-18 қазан аралығында Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша алғашқы халықаралық аукциондық сауда-саттық өткізіледі. 

Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген 2018 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес, ағымдағы жылда белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықтың өткізуі мынадай электр станцияларының түрлері бойынша жоспарлануда:

- күн электр станциялары – 290 МВт;

- жел электр станциялары – 620 МВт;

- гидроэлектр станциялары – 75 МВт;

- биоэлектр станциялары – 15 МВт.

Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.

 

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Дата публикации
11 октября 2018
Дата обновления
14 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы