Меню

Страницы

Статья

2018 жылдың 8 - 9 қазанында Женева қаласында (Швейцария) Орхус Конвенциясының шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы бойынша Мақсатты топтың Сегізінші кеңесі өтті.

2018 жылдың 8 - 9 қазанында Женева қаласында (Швейцария) Орхус Конвенциясының шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы бойынша Мақсатты топтың Сегізінші кеңесі өтті.

Іс-шараға Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенциясына (Орхус конвенциясы) қатысушы елдердің, халықаралық ұйымдардың, Орхус орталықтарының, ҮЕҰ-ның өкілдері, және де сарапшылар қатысты.

Кездесуде Мақсатты топ экологиялық сұрақтар бойынша шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы мәселелерін, оларды насихаттау тәжірибесіне айрықша назар аудара отырып талқылады, атап айтқанда:

- жұртшылықтың маңызды және ертерек қатысуы;

- жұртшылыққа барлық тиісті құжаттардың ашық болуы;

- жұртшылықтың қатысуы үшін тиімді хабарлама және мерзімдер;

- соңғы шешімдерде жұртшылықтың пікірлерін неғұрлым толықтығын қамтамасыз ету.

Осы отырыста жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету саласында Қазақстанның тәжірибесі мен жетістіктерін; қоршаған ортаны қорғау саласындағы шешім қабылдау үдерісінде ақпаратқа қол жеткізудің ең жақсы тәжірибесі мен проблемаларын көрсететін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы шешімдерді қабылдауда тиімді қатысуға көмектесу үшін Маастрихт ұсынымдарын орындау бойынша баяндама ұсынылды.

Орхус конвенциясының ережелеріне сәйкес өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын адамдар мәселелерін талқылау бойынша пікірталас өткізілді.

Дата публикации
12 октября 2018
Дата обновления
14 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы