Меню

Страницы

Статья

Қ. Бозымбаев Финляндияда энергетика және экология саласындағы халықаралық құжаттарға қол қойды

 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Финляндия Республикасына сапары шеңберінде ағымдағы жылғы 16-17 қазанда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі тарапынан бірқатар халықаралық құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Финляндияның Экономикалық даму және жұмыспен қамту министрлігі мен Финляндия Қоршаған ортаны қорғау министрлігі арасындағы энергия және жасыл экономика саласындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум. Меморандумның мақсаты теңдік пен өзара тиімділік қағидаларына негізделген энергетика және жасыл экономика саласындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және дамыту болып табылады.

2. Бұл меморандумның мақсаты биоэкономика, биоэнергия, биоотын, биоматериалдардан жасалған өнімдер, энергия тиімділігі, қалдықтарды кәдеге жарату, индекстеу және өңдеу, сондай-ақ ядролық қауіпсіздік және Қазақстандағы өнеркәсіпті дамытуға арналған форсайттық зерттеулер саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады;

3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі және «ICM Recycling» консорциумы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. 2021-23 жылдарда полигонды дұрыс пайдалану арқылы биогаз қондырғысының құрылысы күтілуде. Қазіргі уақытта қағаз және пластик қалдықтары әрі қарай өңдеу үшін сұрыпталып жатыр. Қуаттылығы жылына 100 мың тонна болатын қалдықтарды сұрыптау кешенін салу жұмыстары басталды. Кешенді іске қосу ағымдағы жылғы желтоқсанға жоспарланған;

4. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен SETCleanTech арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Меморандумның мақсаты қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және Қазақстан Республикасындағы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жобалар шеңберінде ақпарат алмасу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қатты қалдықтар және жаңартылатын энергия көздері саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша консультациялық көмек көрсету болып табылады;

5. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен «Wartsilia» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Келісімнің мақсаты - Түркістан қаласындағы электр энергиясының маневрлік қуатын арттыруға мүмкіндік беретін бу-газ қондырғыларына газды пайдалану туралы Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағында ынтымақтастықты дамыту.

Бұл сапар екіжақты ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды сыртқы саяси іс-шара болып табылады.

 

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

 

Дата публикации
18 октября 2018
Дата обновления
13 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы