2018 жылғы 17 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын насихаттау және түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобының құрамында Ақтөбе облысына Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі С. Нұрлыбай болды.
Сапар аясында вице-министр Ақтөбе ферроқорытпа зауытының еңбек ұжымымен кездесіп, Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауының мағынасын түсіндірді. Кездесуге 140-тан астам қызметкер қатысты. Зауыт директоры Ж.Б. Мұсабеков зауыттың тарихымен, еңбек табыстарымен және экологиялық сипаттағы ағымдағы мәселелермен таныстырды. Сондай-ақ, зауыт директоры Елбасының Жолдауын жүзеге асыру бойынша кәсіпорынның жоспарларымен бөлісті. Зауыт директоры негізгі тіректі Ақтөбе қаласындағы Қ. Жұбанов атындағы университетті металлург мамандығымен тәмәмдаған түлектерді зауытқа жұмысқа тарту перспективасын атап өтті.
Сапар бағдарламасының тармақтарының бірі ретінде Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жаңа IV цехы болды, онда вице-министрге жаңа энергия үнемдеу технологиялары бойынша цехтың жұмысы таныстырылды. Вице-министр зауыттың өндірістік қызметіне, атап айтқанда, №I және №II цехтардың экологиялық нормаларға сәйкес келуі тиіс екеніне назар аударды.
Сапар барысының екінші бөлігінде "Нұр-Отан" партиясының Конференц-залында вице-министр мұнай-газ секторы кәсіпорындарының өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен және Ақтөбе қаласының студент жастарымен кездесті. Қатысушылардың жалпы саны 340 астам адамды құрады.
Вице-министр Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттарын, атап айтқанда, жалақыны көтеру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, медициналық және білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, жастарды, отбасын, кәсіпкерлікті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және т.б. мәселелерін дамыту бойынша түсіндірмелер берілді.
Сондай-ақ, аймақтағы қоршаған ортаға эмиссиялардың төмендегенін атап өтті, экологиялық проблемаларға, атап айтқанда табиғат пайдаланушылардың табиғатты қорғау іс-шараларын орындау мәселесіне тоқталды.
Вице-министр жаңа экологиялық кодексті әзірлеу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы баяндады.
Қорытындылай келе, вице-министр Ақтөбе облысының жұртшылығын Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша өзіне тән белсенділік танытуға шақырды. Осы іс-шарада Үкіметтік емес ұйымдар және жастар саясаты өкілдері, сондай-ақ "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ Бас директорының орынбасары М. Санжановта сөз сөйледі.

