2018 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Энергетика министрлігі, Оңтүстік Кореяның Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аясында «K-eco» корей экология корпорациясы және «ӨКМ Операторы» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.
Осы ынтымақтастық туралы меморандумның мақсаты экологиялық мәселелердің кең ауқымы бойынша тараптар арасындағы ұзақмерзімді өзара ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай кездесудің маңыздылығын атап өтті, бұл қазақстандық-кореялық достық қарым-қатынастардың оң көрсеткіші және «жасыл» технологияларды, қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша өзара әрекеттесу үшін бірлескен күш-жігерді біріктіру болып табылады деп айтып өтті.
Осы кездесу біздің оңтүстік кореялық әріптестеріміздің жауап сапары болып табылатын атап өткен жөн. Қазақстан Энергетика министрлігінің өкілдері бастаған қазақстандық делегация ағымдағы жылы Global Green Hub Korea атындағы ірі іс-шараларына қатысты, Кореядағы инфрақұрылым мен қолданбалы технологиялармен танысты, атап айтқанда GooUiArrisu су тазарту қондырғысына, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша HamanUnionPark-ке, тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына барды.
Ағымдағы жылда Қазақстан Энергетика министрлігінің өкілдері бастаған қазақстандық делегация Сеулде қолданылатын инфрақұрылым мен технологиялармен танысты.
Оңтүстік Корея қалдықтарды басқару саласында ауқымды жобаларды жүзеге асыруда мол тәжірибеге ие және сарапшылар осы саладағы, атап айтқанда өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелер, жетістіктермен бөлісуге дайындығын растады, сондай-ақ Қазақстанда аталған салалардың даму әлеуетін зерттеуге дайындығын растады.
Сапар барысында Оңтүстік Кореяның сарапшылары Қарағанды облысындағы ескі автокөліктерді жою үшін Орталық Азия аймағындағы жалғыз зауыттың жұмысымен танысыАстанадағы қалдықтарды қайта өңдеу зауытына барып, сондай-ақ салалық ұйымдармен бірқатар кездесулер өткізді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі