2018 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің басшылары мен қызметкерлері (70 астам қатысушы) «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын және «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығын іске асыру шеңберінде өткізілген латын графикасы негізіндегі бірінші жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты.
Жалпыхалықтық диктантты өткізудің негізгі мақсаты – латын графикасындағы қазақ әліпбиін кеңінен насихаттау және тарату, республика азаматтары арасында жаңа әліпбиді меңгерудің практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Диктант мәтінінде шамамен 80-90 сөз болды. Ол 30 минут ішінде аудиожазба арқылы оқылды. Диктант қорытындысын Министрлік жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы бағалайды. Нәтижелері ведомствоның ресми сайтында жарияланып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне де жолданатын болады.