Ағымдағы жылдың 14 қарашасында Энергетика министрлігінде Отын-энергетикалық кешені және экология мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің Экология жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.
Отырыста Қоғамдық кеңестің мүшелері, Министрліктің, Үкіметтік емес ұйымдардың, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» өкілдері қатысты.
Қоғамдық кеңестің мүшелеріне Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға қосқан үлесі мен мүмкіндігіне талдау ұсынылды, Қазақстанның жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманың жаңа редакциясын дайындау, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының ұлттық және халықаралық әлеуетін нығайту, елдердегі жасыл технологиялық орталықтар арасындағы ынтымақтастық, ҚР Энергетика министрлігі, ХЖТИЖ мемлекеттік тапсырысын жүргізу және технологиялар мен озық тәжірибелерді, бизнесті дамыту және инвестициялау арқылы Қазақстанның жасыл экономикаға көшуін жеделдетуге жәрдемдесу мәселелері тыңдалды, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру сұрағы қарастылды.
Сонымен бірге отырыста мемлекеттік бағдарламалар мен халықаралық экологиялық конвенциялар аясында тұрмыстық, өнеркәсіптік және сұйық қалдықтарды басқару секторларын дамытуды ынталандыру мәселелері мен жетістіктеріне талдау ұсынылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша Комиссия мүшелерімен тиісті ұсыныстар берілді.