Меню

Страницы

Статья

Трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының бірінші отырысы

А.ж. 15-16 қарашада Мәскеу қаласында (РФ) Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі Сәбит Нұрлыбайдың және Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология Министрінің орынбасары Керимов Мурад Керимұлының төрағалығымен Трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі қазақстан-ресей комиссиясының бірінші отырысы өтті.

Отырыс ашық және сенімді атмосферада өтті.

Бұл отырыс 2016 жылғы 5 қазанда Астана қаласында Өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастық форумы шеңберінде қол қойылған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Келісімді» іске асыру аясында өткізілді.

Отырыста екі елдің мүдделі Министрліктердің, мекемелердің және қоғамдық өкілдері, сонымен қатар ғалымдар мен депутаттар қатысты.

Тараптар, Жайық өзені бассейнінің экожүйесінің қазіргі және бұдан әрі жай-күйінің жетілдіру перспективаларын талқылады, сонымен бірге талқыланып жатқан Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау мәселесі Қазақстан мен Ресей үшін ғана емес, сондай-ақ барлық Еуразиялық аймаққа да маңыздылығы бойынша ортақ пікірге келді.

Отырыс нәтижелері бойынша Хаттамаға қол қойылып, сонымен қатар бірлескен Комиссия туралы Мәлімдемесі және «Жайық өзені бассейнінің экожүйесін жақсарту және трансшекаралық ластануын болдырмау жөніндегі» іс-шаралар жоспары қабылданды.

Қабылданған Іс-шаралар жоспары 11 тармақтан және Азия мен Еуропаның кеңістігін байланыстыратын және биоалуантүрлілігі мен тарихи-мәдени мұрасы бар бірегей табиғи-экологиялық кешенді құрайтын Жайық өзені бассейнінің экожүйесін жақсартуына бағытталған.

Сонымен қатар, тараптар Комиссиясының келесі отырысын 2019 жылы Қазақстан Республикасында өткізуге келісті.

Дата публикации
16 ноября 2018
Дата обновления
13 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы