Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде
2019 жылдың 1 жартыжылдықта келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2019 жылдың 1 жартыжылдықта Министрліктің «Азаматтардың өтініштері» базасына барлығы 818 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 343 және заңды тұлғалардан - 475.
2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өтініштер саны 232 бірлікке, немесе 28 % бірлікке өсті.
Жоғары тұрған ұйымдардан 127 өтініш қайта жолданды, оның ішінде: ҚР Президенті Әкімшілігі – 38, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі – 58,
ҚР Парламенті – 31.
Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне белгіленген мерзімде тиісті жауаптар беріледі.
Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштердің талдауы олардың көп бөлігі мынадай мәселелерді қозғайтынын көрсетті:
Министрліктің кеңсесіне келіп түсетін өтініштер бойынша мына: 8 (7172) 78-68-89 телефон арқылы Динара Қажығалиқызы Даулетоваға хабарласыңыздар.