Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде
2018 жылы келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2018 жылдың 9 айында Министрліктің «Азаматтардың өтініштері» базасына барлығы 1178 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 526 және заңды тұлғалардан - 652.
2017 жылмен салыстырғанда өтініштер саны 237 бірлікке, немесе 20 % бірлікке өсті.
Жоғары тұрған ұйымдардан 217 өтініш қайта жолданды, оның ішінде: ҚР Президенті Әкімшілігі – 80, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі – 88,
ҚР Парламенті – 49.
Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне белгіленген мерзімде тиісті жауаптар беріледі.
Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштердің талдауы олардың көп бөлігі мынадай мәселелерді қозғайтынын көрсетті:
Министрліктің кеңсесіне келіп түсетін өтініштер бойынша мына: 8 (7172) 78-68-89 телефон арқылы Динара Қажығалиқызы Даулетоваға хабарласыңыздар.