Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде
2017 жылдың 9 айында келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2017 жылдың 9 айында Министрлікке - 640 өтініш келіп түсті, соның ішінде 268-і – жеке тұлғалар, 372-і – заңды тұлғалардаң келіп түсті.
Олардың ішінде – 40 % құрайтын, 259 өтініш Электронды үкімет порталы (ЭҮП) арқылы жолданды.
Жоғары тұрған ұйымдардан 126 өтініш жолданды: ҚР Президент Әкімшілігінен – 37; ҚР Премьер-Министр Кеңсесінен – 63;
ҚР Парламентінен – 26.
Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне белгіленген мерзімде тиісті жауаптар беріледі.
Өтініштердегі мәселелердің сипаты бойынша талдау олардың көп бөлігі мына мәселелерді қозғайтынын көрсетіп отыр:
Министрліктің кеңсесіне келіп түсетін өтініштер бойынша мына: 8 (7172) 78-68-89 телефон арқылы Динара Қажығалиқызы Даулетоваға хабарласыңыздар.