Меню

Страницы

Статья

2017 жылдың 1 жартыжылдығында өтініштерді қарау бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде

2017 жылдың 1 жартыжылдығындакеліп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2017 жылдың 1 жартыжылдығында Министрлікке - 417 өтініш келіп түсті, соның ішінде 170-і – жеке тұлғалар, 247-і – заңды тұлғалардаң келіп түсті.

Олардың ішінде – 40 % құрайтын, 166 өтініш Электронды үкімет порталы (ЭҮП) арқылы жолданды.

Жоғары тұрған ұйымдардан 78 өтініш жолданды: ҚР Президент Әкімшілігінен – 19; ҚР Премьер-Министр Кеңсесінен – 40;
ҚР Парламентінен – 19.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне белгіленген мерзімде тиісті жауаптар беріледі.

Өтініштердегі мәселелердің сипаты бойынша талдау олардың көп бөлігі мына мәселелерді қозғайтынын көрсетіп отыр:

  • Жалпы мемлекеттік басқару мәселелері – 26 %;
  • Энергетика, энергиямен қамтамасыз ету және электротехника – 23 %;
  • Табиғи шикізат ресурстарын пайдалану және экологиялық
    қауіпсіздік, соңымен қатар тұрмыстық қалдықтарды өңдеу – 20 %;
  • Мұнай және мұнай-газ өнеркәсібі – 11 %;
  • Еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру – 7 %;
  • Газбен қамтамасыз ету – 7 %;
  • Басқа – 6 %.

 

Министрліктің кеңсесіне келіп түсетін өтініштер бойынша мына:  8 (7172) 78-68-89 телефон арқылы Динара Қажығалиқызы Даулетоваға хабарласыңыздар.

Дата публикации
13 февраля 2020
Дата обновления
13 февраля 2020
Тип

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы