Меню

Страницы

Статья

Будапештте атом энергетикасы бойынша венгр-қазақстандық жұмыс тобының алғашқы кездесуі өтті

    

22 қарашада Будапештте Венгрия мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның алтыншы отырысы шеңберінде атомдық энергетика бойынша венгр-қазақстандық жұмыс тобының (бұдан әрі - жұмыс тобы) алғашқы кездесуі өтті.

Жұмыс тобының отырысы Венгрия ғылым академиясының энергетикалық зерттеулер зертханасының меңгерушісі Тамас Пазманди және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом энергиясы және өнеркәсіп департаментінің директоры Батыржан Қарақөзовтің төрағалығымен өтті.

Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен дамудың негізгі бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықтың мүмкін болатын бағыттарын талқылады.

Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша тараптар Венгрия АЭС-ін қауіпсіз пайдалану, қызмет көрсету және модернизациялау бойынша тәжірибе алмасу жөнінде келісті. Сондай-ақ, пайдаланылған ядролық отын, радиоактивті қалдықтарды басқару және атом энергетикасы нысандарын пайдаланудан шығару саласындағы ықтимал ынтымақтастық перспективалары қарастырылады.

Отырыста Астанадағы атом энергиясы жөніндегі жұмыс тобының кезекті екінші отырысын өткізуге келісті. Жұмыс тобы отырысының нақты уақыты мен орны алдын-ала келісілетін болады.

 
                                       

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Дата публикации
23 ноября 2018
Дата обновления
13 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы