Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде
2016 жыл бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2016 жылда Министрлікке - 816 өтініш келіп түсті және қаралды (өтініштер көшірмелердің 100 бірлігі және өтініштерді қараусыз қалдыру бойынша ходатайстваларды 10 бірлігін қоспағанда), олардың ішінде 390-і – жеке тұлғалардың, 426-і – заңды тұлғалардың өтініштері.
Жоғары тұрған ұйымдардан 187 өтініш жолданды, олардың ішінде:
- Президент Әкімшілігінен – 84;
- Премьер-Министр Кеңсесінен – 70;
- ҚР Парламентінен – 33.
Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне белгіленген мерзімде тиісті жауаптар берілді.
Өтініштердегі мәселелердің сипаты бойынша талдау олардың көп бөлігі мына мәселелерді қозғайтынын көрсетіп отыр:
Министрліктің кеңсесіне келіп түсетін өтініштер бойынша мына: 8 (7172) 78-68-89 телефон арқылы Динара Қажығалиқызы Даулетоваға хабарласыңыздар.