Меню

Страницы

Статья

Баспасөз хабарламасы «Планета»жұмыс тобының VIII Азаматтық форумының салалық сессиясы «Құрлықтың экожүйелерін, су ресурстарын ұтымды пайдалану және климаттың өзгеруі саласындағы жетістіктер» (Тұрақты даму мақсаттары 6, 12, 13, 14 және 15)

2018 жылғы 27 қарашада Энергетика министрі Қ.А.Бозымбаевтың төрағалығымен «дөңгелек үстел» форматында «Планета» жұмыс тобының салалық сессиясының отырысы өтті.

Аталған іс-шараға 130-дан  астам қоғам өкілдері, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері қатысты.

«Планета» жұмыс тобының салалық сессиясының мақсаты Қазақстанның  6, 12, 13, 14 және 15-мақсаттарға қол жеткізу көзқарасымен және тәсілдерімен танысу, 2019 жылғы маусымда  БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі саяси форумында таныстыру жоспарланған тұрақты даму мақсаттары бойынша ұлттық шолудың негізіне алынуы мүмкін ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

Энергетика вице-министрі С.Нұрлыбай климаттың өзгеруі және қалдықтарды тұрақты басқару мәселелері бойынша 13 және 12-мақсаттарды ұсынды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары су саясатының жүргізіліп жатқан реформалары бойынша ақпарат берді, 6-Мақсат.

Сумен қамтамасыз ету және санитария мәселелері бойынша (6-мақсат) есепті ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының орынбасары ұсынды.

Мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері сөйлеген сөзінен кейін қорытынды жасалып, одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар берілді.

Энергетика вице-министрі С.Нұрлыбай «Планета» жұмыс тобының салалық сессиясының отырысы аяқталғаннан кейін, Қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты даму мақсатында мемлекет пен қоғам арасындағы серіктістік сессиясына қатысты.

 

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Дата публикации
27 ноября 2018
Дата обновления
13 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы