Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде
2016 жылдың 9 ай бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша ақпараты
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2016 жылдың 9 айында Министрлікке 675 өтініш келіп түсті және қаралды, олардың ішінде 337-і – жеке тұлғалардың, 338-і – заңды тұлғалардың өтініштері.
Жоғары тұрған ұйымдардан 162 өтініш жолданды, олардың ішінде:
- Президент Әкімшілігінен – 76;
- Премьер-Министр Кеңсесінен – 65;
- ҚР Парламентінен – 21.
Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне белгіленген мерзімде тиісті жауаптар берілді.
Өтініштердегі мәселелердің сипаты бойынша талдау олардың көп бөлігі мына мәселелерді қозғайтынын көрсетіп отыр:
Министрліктің кеңсесіне келіп түсетін өтініштер бойынша мына: 8 (7172) 78-68-89 телефон арқылы Динара Қажығалиқызы Даулетоваға хабарласыңыздар.