Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылдың
12 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс "жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы"Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2015 жылдың 12 айында Министрлікке 812 өтініш келіп түсті және қаралды, оның ішінде 404 - жеке тұлғалардың және 408 – заңды тұлғалардың өтініштері.
Жоғары тұрған ұйымдардан 203 өтініш қайта жолданды, оның ішінде:
- Президент Әкімшілігі-72
-Премьер-Министрдің Кеңсесі-106
- ҚР Парламенті-25
Азаматтар мен заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне белгіленген мерзімде тиісті жауаптар берілді.
Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштерді талдау олардың басым бөлігі мәселелерді қозғайтынын көрсетеді:
* Табиғи шикізат ресурстарын пайдалану және экологиялық қауіпсіздік -38 %
* Мемлекеттік басқарудың жалпы мәселелері – 38 %
* Халықты жұмыспен қамту және еңбек, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету-10 %
* Басқа сұрақтар -14 %