Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы І тоқсан бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы ақпараты
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша жұмыстар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2015 жылдың І тоқсанында Министрлікке 180 өтініш түсті және қарастырылды, олардың ішінде 94-жеке тұлғалардың, 86 - заңды тұлғалардың өтініштері.
Жоғары тұрған мемлекеттік органдардан 46 өтініш жолданды, оның ішінде:
* Президент Әкімшілігінен – 19
* Премьер-Министр Кеңсесінен - 24
* ҚР Парламентінен – 3
* Жеке тұлғалардан – 94
* Заңды тұлғалардан - 86
Азаматтардың және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне белгіленген мерзімде тиісті жауап берілді.
Өтініштерде қойылған сұрақтар негізінен мынадай мәселелерді қамтиды:
* Табиғи шикі ресурстарды қолдану және экологиялық қауіпсіздік – 51 %
* Еңбек және халықтың жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету – 11 %
* Мемлекеттік басқару жөніндегі жалпы мәселелер – 28 %
* Басқа мәселелер – 10 %