Меню

Страницы

Статья

Қашаған газ өңдеу зауыты туралы баспасөз хабарламасы

Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салу жобасы бойынша жеке қазақстандық компаниямен Қытай компаниясы шарт жасасқаны туралы БАҚ-та таралған хабарламаларға қатысты бұл ақпарат шындыққа жанаспайтыны жөнінде хабарлаймыз. Қазіргі уақытта осы жоба бойынша барлық мәселелер қаралу сатысында, бұл ретте ешқандай уағдаластық және келісімшарттар жасалған жоқ.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі (Қашаған ГӨЗ салу бойынша жұмыс тобы ҚР ҰЭ министрлігі жанынан құрылған) және ҚР Энергетика министрлігінің үйлестірумен Қашаған газ өңдеу зауытын салуға дайындық қарқынды жүріп жатыр.  Бұл маңызды жоба Қашаған кен орнынан 1 млрд. м3 шикі газ өңдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде еліміз бағалы экспорттық ресурс – тауарлық газдың қосымша көлемін ғана алмайды, сонымен қатар Қашаған стратегиялық кен орнында мұнай өндіруге шектеуді алып тастайды.  

Қашаған газ өңдеу зауытын салу жобасы  шикі газды жағу мен кері айдау орнына қайта өңдеудің Ұлттық бағдарламасы аясында іске асырылады.

Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру мақсатында бүгінгі күні жобалау құжаттамасы әзірленіп жатыр. Жобаның технологиялық күрделілігіне байланысты әртүрлі өндірушілерден жабдық қажет етіледі. 

Жоба мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін және барлық шарттарды келіскеннен кейін алда құрылысты, жабдықты жеткізушіні таңдауды, материалдарды таңдауды және т.б. қамтитын жобаны іске асыру тұр.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

 

Дата публикации
10 января 2020
Дата обновления
13 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы