Бұл туралы ҚР ЭМ Баспасөз қызметі хабарлайды.
17 қаңтарда Министрдің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми өкілі лауазымына Ерментаев Серікжан тағайындалды.
Серікжан Ерментаевтың БАҚ саласында жұмыс тәжірибесі бар, квазимемлекеттік секторда басқарушы лауазымдарды атқарған, соңғы жұмыс орны – Атырау облысы әкімінің аппараты Баспасөз қызметінің басшысы.
Энергетика министрлігінің ресми өкілі – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Стратегиялық және ақпараттық даму департаменті директорының орынбасары Жеңісбек Нұрлыбек Президенттік жастар кадр резервінің құрамына кіріп, басқа жұмысқа ауысуда.