Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ға қатысты тексеру жүргізді.
Тексеру барысында «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен және құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу кезінде атом энергиясын пайдалану салысында қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтамағаны анықталды.
Тексеру нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 297-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі