Меню

Страницы

Статья

2019 жылы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің 21 ірі объектісі пайдалануға берілді

Қазақстан мұнай, газ, көмір, уран және жаңартылатын энергия көздерінің бай ресурстарына ие.

Қазақстан энергия жеткілікті ел болғанына қарамастан, онда парниктік газдар шығарындыларын және басқа да ластаушы заттарды азайту үшін таза технологияларды, таза энергетиканы дамыту қажеттілігі бар.

 Алайда, көмірсутегі бай елде жаңартылатын энергия көздерінің дамуы экономикалық тиімді болып табылмайды және үлкен мемлекеттік қолдауды талап етеді. Орнықты даму принциптеріне бейімділік, тұрақты энергетика үшін ЖЭК маңыздылығын түсіну, климаттық тәуекелдерді түсіну Қазақстанға елдегі ЖЭК дамуына маңызды қадам жасауға мүмкіндік берді. «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы, ЖЭК-ті қолдау туралы Заң қабылданды, ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша инвестициялар тарту жағдайлары жасалды, яғни елде ЖЭК саласында саясатты әзірлеу бойынша инвесторларды тарту үшін құқықтық алаңды жақсарту бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілді.

Бұдан әрі Министрлік ЖЭК-тің қуаттылығын арттыру мен жоспарлы көрсеткіш – 2020 жылы электр энергиясын жалпы өндірудің 3% - ы мөлшерінде бастапқы позицияға қол жеткізуді жоспарлап отыр, бұл Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамада бекітілген 2030 жылға қарай 10% - ға нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін ЖЭК-тің неғұрлым ірі жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді.    

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жиынтық қуаты 1050,1 МВт (19 ЖЭС–283,8 МВт; 31 КЭС–541,7 МВт; 37 СЭС – 222,2 МВт; 3 БиоЭС – 2,42 МВт) жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) жұмыс істеп тұрған 90 объектісі бар деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

2019 жылдың басынан қуаты 504,55 МВт болатын ЖЭК 21 объектісі пайдалануға  берілді. Ағымдағы жылы ЖЭК санын жалпы қуаты 1655 МВт 90-нан 108 жобаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдан бастап ЖЭК жобаларын іске асыру үшін іріктеу аукцион механизмдері арқылы өткізіліп жатыр. Бұл механизм бір жағынан жобалар мен инвесторларды іріктеудің ашық әрі түсінікті процесін жасауға, екінші жағынан ЖЭК қуаттарын енгізуден түпкілікті тұтынушылардың тарифтерге әсерін азайтуға мүмкіндік беретін неғұрлым тиімді технологиялар мен жобаларға мөлшерлеме жасауға мүмкіндік берді.

2018 - 2019 жылдардағы халықаралық сауда-саттық аукциондары жиынтық қуаты 1 205 МВт ЖЭК жобалары үшін электрондық форматта өткізілді.

Сауда-саттыққа  12 елден 138 компания қатысты: Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Германия, Франция, Болгария, Италия, БАӘ, Нидерланд, Малайзия, Испания.

Аукциондық сауда-сатыққа қатысушылар ұсынған 1205 МВт-қа белгіленген қуаты 3893,52 МВт жобаларды іске асыруға өтінім ұсынды, бұл сұраныстан 3,2 есе асып түсті.

Аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 30 компания ЖЭК электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен (РФО) жиынтық қуаты 804,3 МВт болатын 15 жылға келісімшарттарға қол қойды және 12 компания жиынтық қуаты 162,89 МВт болатын РФО-мен келісімшарттарға қол қою сатысында.

Бұдан басқа, аукционға қатысушылардың өтінімдері бойынша жел электр станцияларының (ЖЭС) электр энергиясына тарифтердің орташа есеппен 10,6% - ға, шағын су электр станцияларына (СЭС) 14,5% - ға, күн электр станцияларына (КЭС) 36% - ға төмендегенін атап өту қажет. Бұл ретте, жекелеген жобалар бойынша тарифтердің барынша төмендеуі КЭС – 51%, ЖЭС және СЭС – 23% құрады.

2019 жылдың 27 қарашасында Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылының маңында жертелімі 100 Га болатын, қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясы үшін алғашқы жобалық аукцион өткізілді.

ҚР Энергетика министрлігінің тапсырысы бойынша БҰҰДБ-ЖЭҚ «ЖЭК секторына инвестициялау тәуекелдерін төмендету» жобасы шеңберінде осы аукцион үшін жобаның негізгі параметрлерін сипаттайтын құжаттар пакеті дайындалды.

Түркістан облысының әкімдігі жобалық мақсатта жер учаскесін резервке қойды, ол аукцион жеңімпазына беріледі. Аукцион жеңімпазы ЖЭК электр энергиясын бірыңғай сатып алушы - «ЖЭК жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-мен 15 жылдық келісімшарт жасасуға және барлық өндірілетін электр энергиясын аукцион тарифі бойынша сатуға құқылы. Тариф ұлттық теңгенің айырбастау бағамының өзгеруін және инфляцияны ескере отырып, жыл сайын индекстелуге жатады.

Аукционға 6 елден 7 компания қатысты: Қазақстан, Германия, Италия, Қытай, Нидерланд және Ресей. Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында шекті аукциондық баға сағ.- 29 тг/кВт 2.3 есе төмендеді. Аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы болып «Arm Wind» ЖШС компаниясы сағ. 12.49 тг/кВт бағасымен атанды, бұл шамамен АҚШ долларының 3,2 центін құрайды.

         Анықтама үшін:

Бұл тариф Қазақстандағы күн энергетикасы нарығындағы рекордтық төмен тариф болып табылады. «Arm Wind» ЖШС компаниясының негізгі құрылтайшысы ENI (Италия) мұнай компаниясы болып табылады.

Сондай-ақ, соңғы екі жыл ішінде халықаралық қаржы институттарымен және ұйымдарымен шамамен 240 млрд. теңге (немесе 613 млн. АҚШ доллары) көлемінде бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қою арқылы қалпына келетін энергетика саласына инвестициялар тарту бойынша жұмыстар жүргізілді. 2019 жылдың 28 қарашасында ҚР Энергетика министрлігі мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі (АИИБ) арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Жоғарыда аталған Меморандум аясында ҚР Энергетика министрлігі, АИИБ және «Жаңатас жел электр станциясы» ЖШС арасында «Жаңатас жел электр станциясы 100 МВт» ЖЭС жобасын қолдау және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Дата публикации
09 января 2020
Дата обновления
13 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы