ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайтында 2017 жылға арналған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланды.
Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-мен бірлесіп дайындалды.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 166-1-бабына сәйкес Ұлттық баяндама халықты Қазақстан Республикасының аумағындағы нақты экологиялық жағдайлар және оны жақсарту бойынша қолданылатын шаралар туралы жыл сайын ақпараттандыру мақсатында әзірленеді.
Ұлттық баяндамада 2017 жылғы қоршаған ортаның жай-күйі туралы мәліметтер; қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сандық және сапалық сипаттамалары, негізгі қоғамдық маңызы бар экологиялық проблемаларды қоса алғанда, қоршаған ортаға тигізетін антропогендік әсерлер туралы, өңірлердегі экологиялық жағдай туралы, Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі мәліметтер көрсетілген.
Ұлттық баяндамада қамтылған мәліметтер мен ақпараттар Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы, мемлекеттік органдардың және мемлекеттік статистика деректеріне негізделген.
Ұлттық баяндамада қамтылған мәліметтер мен ақпарат Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдары ұсынған ресми материалдарға және мемлекеттік статистика деректеріне негізделген.
Ұлттық баяндаманың қағаз нұсқасымен Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорында танысуға болады.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі