«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингін жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар өз бастамасы бойынша және өз есебінен жүргізеді.
Осыған байланысты, Министрлік жеке тұлғаларды және коммерциялық емес ұйымдарды ынтымақтастыққа және Министрлік, оның аумақтық органдары және қарамағындағы ұйымы көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық мониторингті жүргізуге қатысуға шақырады.
Қоғамдық мониторингті ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан 15 желтоқсанына дейін жүргізу жоспарланып отыр.
Қоғамдық мониторингтің нәтижелері Министрлік көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға қолданылады.
Министрліктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімі
|
№ |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы |
Көрсетілетін қызметті берушілер |
|
1 |
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру |
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті |
|
2 |
Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру |
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті |
|
3 |
Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру |
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті |
|
4 |
I санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру |
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері |
|
5 |
I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру |
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері |
|
6 |
Кешенді экологиялық рұқсатты беру |
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері |
|
7 |
Экологиялық ақпарат беру |
"Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдамалық орталығы" РМК |
|
8 |
Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру |
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетi және оның аумақтық бөлімшелері |
|
9 |
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру |
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетi |
|
10 |
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау |
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетi |
|
11 |
Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру |
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетi |
|
12 |
Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру |
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетi |
|
13 |
Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру |
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетi |
|
14 |
Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру |
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетi |
|
15 |
Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру |
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетi |
|
16 |
Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру |
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетi |
|
17 |
Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру |
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетi |
|
18 |
Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа аумақтарда қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру |
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетi |
|
19 |
Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауға лицензия беру |
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетi |
|
20 |
Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру |
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетi |
|
21 |
Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу |
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетi |
|
22 |
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану |
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетi |
|
23 |
Сараптама ұйымы ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есеп-қисаптар әдістемесін келісу |
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетi |
|
24 |
Қауіпті қалдықтардың экспорты мен импортына лицензия беру |
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті |
|
25 |
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы |
Энергетика министрлігі |
|
26 |
Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру |
Энергетика министрлігі |
|
27 |
Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру |
Энергетика министрлігі |
|
28 |
Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия |
Энергетика министрлігі |
|
29 |
Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу |
Энергетика министрлігі |
Қоғамдық мониторингке қатысуға өтініштер қабылдау үшін байланыс деректері: 8 (7172) 78 68 33, 78 69 04