Меню

Страницы

Статья

Мұнай және газ министрі Ұ.С. Қарабалиннің «Газ бағасынының калыптасуы» атты баяндамасы. ҚР Үкіметі

Құрметті Серік Нығметұлы! 

Құрметті әріптестер!

Газ секторының негізгі мақсаты ішкі нарық қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін және энергетикалық тәуелсіздіктің жоғарғы деңгейіне жету үшін халықаралық транзит көлемі мен газ ресурстарын оңтайлы қолдану, көмірсутек шикізатын өндіру мен қайта өңдеу деңгейін ұлғайтудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының геологиялық газ ресурстары (Каспий шельфінде ашылған жаңа кен орындарын есепке алғанда) 6-7 трлн. текше метрден асады. Шығарылатын қор көлемі 3,8 трлн. текше метрден жоғары.

Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарының қоры Қазақстанның барлық қор көлемінің 75 пайызын құрайды.

 Газ нарығы субъектілері қатынасын азаматтық-құқықтық реттеудің тиімді жүйесін құру мақсатында, 2012 жылдың қаңтарында, Қазақстан Республикасында газ және газбен жабдықтау саласындағы қоғамдық қатынасты реттеуде, құқықтық және экономикалық негізін анықтайтын, «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңы қабылданды. 

Республикада газбен жабдықтаудың бірегей жүйесін құру мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметімен  2012 жылдың шілдесінде газбен жабдықтау нарығында, шикі және тауарлық газды пайдалануда ерекше құқықтық мәртебемен және артықшылық құқықпен Ұлттық оператор анықталды.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңның негізгі қағидаларын іске асыру барысында  мемлекеттің артықшылық құқығы шеңберінде Ұлттық оператормен пайдаланатын2012 жылы шикі және тауарлық газдың құнын анықтау Ережесі  және ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме сатудың шекті бағаларын айқындау Ережесіқабылданды.

Өкінішке орай, тәжірибе көрсеткендей, Ережені жасау барысында газ нарығының кейбір спецификалары есептелмеген, сондықтан, Ұлттық оператормен сатып алынып жатқан, шикі және тауарлық газдың құнын анықтау формуласында, сонымен қатар тауарлық газды көтермемен өткізуде шекті бағасын анықтау формуласынданақты кемшіліктер болды.

Мұнай және газ министрлігі ішкі нарықтағы газды сатып алу-сату бойынша операцияларды іске асыратын компания мамандарымен бірлесіп, жоғарыда айтылған Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша аналитикалық жұмыстар жүргізді.

Жер қойнауын пайдаланушылардан газды сатып алу бағасы бойынша

Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушыларға тиісті  оқшауланған шикі газды сатып алуға, сонымен қатар шикі газды өңдеу процесінде, жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған тауарлық газды,басқа тұлғалардың алдында Қазақстан Республикасы артықшылық құқығына ие.

Жер қойнауын пайдаланушылардан газды аса көтерме бағалар бойынша сатып алуды жібермеу мақсатында, жер қойнауын пайдаланушылар бағасын есептеу және газды өндіру мен өңдеудің өз бағасы коэффициентін төмендетуді қолданудыңЕрежебөлімінеөзгертулер енгізілді(ППРК №1278 29 қараша 2013ж).

Ұсынылып отырған өзгертулер Ұлттық оператор үшін газ құнының төмендеуіне алып келеді деп күтілуде, ал ол өз кезегінде шығынсыз мақсатқа жетуге болысады және ҚР ішкі нарықта газды таратудың соңғы құнына оң әсерін тигізуде.

2013 жылдың желтоқсанында мемлекеттің артықшылық құқығын іске асыру шеңберінде Министрлікпен жер қойнауын пайдаланушылардан тауарлық газды сатып алудың ағымдағы бағасының әрекет мерзімі 2014 жылдың 1-мамырына дейін ұзартылды.

Қазіргі таңда жер қойнауын пайдаланушылармен ұсынылған есептесу бағасының сараптамасы бойынша белсенді жұмыс атқарылуда. Сараптама жүргізіліп болғаннан соң, Ұлттық оператор Министрлікпен бекітілген баға бойынша газды сатып алу-сату шарттары жасалады.

Шекті көтерме баға бойынша

Алдында айтып кеткендей, қазіргі кезде ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме сатудың шекті бағаларын айқындау Ережесіне  өзгертулер мен толықтырулар енгізілуде, яғни ол баға формуласын болдырмайды, әрбір аймақ бойынша сатып алынатын бағамен бірге құны анықталады, сонымен қатар Ұлттық оператордың шығынсыз қызметі қарастырылады.

Бір мезгілде, 2013 жылдың 25-желтоқсанында мұнай-газ және энергетикалық саланы дамытудың ведомствоаралық комиссия мәжілісінде 2013 жылдың деңгейінде газға деген ағымдағы бағаны 2014 жылдың 1-мамырына дейін сақтап қалу туралы шешім және жер қойнауын пайдаланушылардан газды бөлу ұйымдарымен ішкі нарыққа тауарлық газды жеткізу кестесі қабылданды.

Газға бағаны ұйымдастыру кестесі

Тек АҚ «ҚазТрансГаз» ұлттық оператор жер қойнауын пайдаланушылардан сатып алынатын баға бойынша газды сатып алып, көтерме баға бойынша әрі қарай тарату үшін АҚ «ҚазТрансГаз Аймақ» және АҚ «ҚазТрансГаз-Алматы» сатады, ал олар өз кезегінде, соңғы тұтынушыларға шығынсыз негізде газды бөлшек баға бойынша сатады.

Әрбір облыс үшін көтерме бағаны анықтауда әлеуметтік аспектілері, аймақтағы газ ресурсының бар/жоғы, сонымен қатар газға ағымдағы бағаның деңгейі ескеріле отырып, әрбір облыс үшін жеке әдістемелер қолданылды.

Ұсынылған бағаны ұйымдастыру Концепциясы Ұлттық оператормен бірде-бір аймақтан пайда табу  қарастырылмайды.

Ескере кететін бір жайт, ұсынылған деңгейдегі газға деген бағаменҰлттық оператор ішкі нарыққа газды таратуда (Алматы қаласы және Алматы облысының тұтынушылары  үшін  өз бағасынан төмен газды тарату салдарынан) шығынға батады.

Әрі қарай газды өндіру, өндіріс және тұтынуды көрсетудегі облыстар бойынша тауарлық газды таратуда көтерме бағаны есептеу мысалдары ұсынылған. Талқылау үшін Маңғыстау облысын қарастырайық.

2013 жылдың қорытындысы бойынша газды өндіру облыста 1,3 млрд.куб.м. құрады.

Облыстағы тұтынушыларға газды негізгі жеткізушілер болып, келесідей, яғни АҚ МҰК «ҚазМұнайТеңіз», ЖШС «ҚазГӨЗ», ЖШС «Қарақұдққмұнай» және басқа дажер қойнауын пайдаланушыларболып табылады.

Маңғыстау облысы бойынша 2013 жылы газды қолдану көлемі 2 553,0 млн.куб.м. газды құрады. Газды ірі тұтынушы ЖШС «МАЭК-ҚазАтомПром» болып табылады.

Сондықтан, ЖШС «МАЭК-ҚазАтомПром» үшін газды жеткізуші негізгі база Теңгіз газ кен орын (ЖШС «Теңгізшевройл», Атырау облысы) болып табылады.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысында көтерме баға деңгейі бағаның айтарлықтай айырмашылықпен, яғни Бейнеу ауданында  1 580 тг/мың.куб.м. басталса, ЖШС«МАЭК-ҚазАтомПром» үшін 10 500 тг/мың.куб.м. дейін берілген.

Ұсынылған механизмге сәйкес Маңғыстау облысы үшін көтерме баға жер қойнауын пайдаланушылардан тауарлық газды сатып алуда орташа өлшем бағасымен  ғана есептелген.

2014 жылға Маңғыстау облысы үшін бірегей көтерме бағаны орта өлшемді сатып алынатын баға деңгейімен қоса магистралдьдық тасымалдауға орта өлшем көрсеткішін орнату ұсынылды. Нақты баға облыстағы жер қойнауын пайдаланушылармен газды жеткізу көлемі, сатып алынатын баға және газды сатып алуда кететін шығын негізінде қалыптасады.

Бұл слайдта 2014 жылы тауарлық газды көтерме таратудың шекті бағасының болжам кестесі ұсынылған, онда облыс бойынша ішкі нарықтағы баға өзгерісі бейнеленген, сонымен қатар көтерме бағасының өсу қарқыны көрсетілген.

Табиғи газдың бөлшекті бағасының құрылымы газды сатып алу бағасынан және газды бөлу ұйымдарының шығынынан жасалады. Экономикалық көзқарас бойынша табиғи газ басқалары сияқты, ол да сондай тауар болып табылады, яғни бағасы арқылы жер қойнауын пайдаланушылардың газды өндіру, зауытта өңдеу, тасымалдау және газды тұтынушыларға тарату шығындары өтеледі.

Осылай, Министрліктің газбен жабдықтау саласындағы баға саясатын қалыптастыру бойынша өткізіліп жатқан іс-әрекеттер, әрине, газ саласын дамытуға тиімді ықпалын тигізеді, барлық тұтынушыларды тауарлық газбен үздіксіз жабдықтаумен қамтамасыз етеді, сонымен қатар газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асырады.

ҚР-да өндіріліп жатқан газдың 90% - бұл жол-жөнекей газ. Мұнай-газ кен орнынан алғашқыда  КСШ сұйық фракциясы өндіріледі. Осы мақсатпен қазіргі таңда өндіріліп жатқан жол-жөнекей мұнай газының 30% кабат қысымын сақтап тұру үшін қайтадан қабатқа құйылады, 15%  технологиялық қажеттілікке, яғни электро қуатын өндіруге қолданылады. 55% тауарлық газ өндірісін құрайды. Сонымен қатар, қайта құю көлемі (30%-ға дейін) және тауарлық газдың ішкі тұтыну көлемінің (облыс әкімдігінің мәліметтеріне сәйкес) айтарлықтай өсуі байқалады, ал ол кезегінде 2024 жылға қарай газ тапшылығын тудыруға алып келуі мүмкін. 

Негізінен, өндіріліп жатқан газ жол-жөнекей екенін ескере отырып, тауарлық газды өндіру мен өндіріс динамикасы мұнай өндіру қарқынымен анықталады.

Ұсынылған слайдтағы, тауарлық газдың өндірісі мен тұтыну балансы  болжамға сәйкес, газды өндірудің барлық деңгейі 2030 жылы 5,1 млрд.куб.м. құрайды, ал ол болса 2013 жылғы өндіру көлемінен 25% жоғары.

Құрметті Серік Нығметұлы!

Сіздің тапсырмаңыз бойынша біз Республикада газ саласын дамыту Концепциясын жасауды бастадық, сонымен қатар ішкі нарықтағы газ тапшылығының мүмкін жағдайлары саралануда. Концепцияда  аудандарды, елді мекендерді және жаңадан қосылып жатқан өндірістер мен басқа да құрылыстарды газдандырудың артықшылығын анықтау бойынша бірқатар критерийлерді қарастырукерек. Сәйкесінше, осының салдарынан газ балансы өзгеруі мүмкін.

Сонымен қатар, ҚР ішкі нарығында газ тапшылығы болу мүмкіндігін ескерту бойынша жұмыстар өткізілетінін айта кету керек:

  • геологиялық барлау жұмыстары мен жаңа газ кен орындарын іске қосуды белсендендіру;
  • әртүрлі жер қойнауын пайдаланушылармен өндірілетін (Қаламқас-теңіз, Жемчужина және т.б.),  газды дайындау бойынша бірегей инфрақұрылымды енгізу мүмкіндігін қарастыру;
  • ішкі нарыққа газды жеткізу бойынша транспорттық инфрақұрылымды диверсификациялау;
  • және басқа да шаралар.

Назарларыңызға рахмет.

Дата публикации
04 февраля 2014
Дата обновления
11 февраля 2020
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы