Меню

Страницы

Статья

ҚР Парламентінде 2014 жылғы 7 сәуірде ҚР Мұнай және газ министрінің баяндамасы

ҚР Парламентінде 2014 жылғы 7 сәуірде

ҚР Мұнай және газ министрі сөйлейтін

Сөзінің тезистері

 

Құрметті төраға!

Құрметті депутаттар!

2-слайд

Өткен жылдың қорытындысы бойынша қысқаша ақпаратты, сондай-ақ Елбасының және Үкіметтің тапсырмаларына сәйкес негізгі жобалар мен міндеттер бойынша қалыптасқан ахуалды баяндауға рұқсат етіңіздер.

Өздеріңізге мәлім, Қазақстанның мұнай-газ кешені жер қойнауын пайдалануды, көмірсутектерді өндіруді, тасымалдауды, өңдеуді, сервистік қызмет көрсетуді қамтиды жәнеҚазақстанның үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Жедел мәліметтер бойынша, 2013 жылы еліміздің Жалпы ішкі өнімінде (ІЖӨ) мұнай-газ саласының үлесі шамамен 24%, Ұлттық қорда - 99%, республиканың экспортында - 76%, Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестициясының көлемінде - 24%-ды құрады.

3-слайд

Осыны түсіне отырып, Мұнай және газ министрлігі, Үкімет бекіткен индикативтік көрсеткіштердің сөзсіз орындалуын қамтамасыз етілуіне талпынуда.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша саланың барлық негізгі көрсеткіштері 2012 жылдың деңгейінен асып тұр.

Мәселен, елімізде мұнай өңдіруде жаңа рекордтық деңгейге қол жеткізілді – 81,8 млн. тонна, ол 2012 жылғы көрсеткіштен 3,3%-ға жоғары. Бұл ретте мұнай экспорты алғашқы рет 72 млн. тоннадан астам көлемді құрады.

Алғашқы рет газ өндіруде «меже» 42 млрд. текше метрге жетті.  Сонымен қатар, тауарлық газ өндірісі 22,8 млрд. текше метрді, сұйытылған мұнай газ өндірісі 2,5 млн. тоннаны құрады.

Мұнай өңдеу 14,3 млн. тоннаға жетті. Газ транзиті – 99 млрд. текше метрді құрады.

Бұның барлығы сала үшін де, республиканың экономикасы үшін де жаңа бағыттар. Ағымдағы жылы да көпшілік көрсеткіштер бойынша амбициялық жоспарлар тұр.

4-слайд

Саланың міндеттерін іске асыру бағытында бірқатар ірі жобаларды орындаукөзделген.

Мұнай өндіруде – бұл Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарындағы жұмыстар.

2013 жылы Теңіз кенорыны бойынша мұнай өндіруде рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді – 27 млн. тонна. Жоба Шеврон, ЭксонМобил, Лукарко және ҚазМұнайГаз компанияларымен іске асырылуда.

Жобаны іске асырудағы 20 жыл ішінде еліміздің бюджетіне түскен төлемдер 61 миллиард доллардан асты. Оның ішінде, 2013 жылы – 11 млрд. доллардан астам. Жоба басталғаннан бері ҚМГ дивиденттері 9 млрд. долларға жетті.

 Өткен жылдың күзінде еліміздің Үкіметі мен ТШО арасында Келешекте кеңейту жобасы бойынша меморандумға қол қойылды. Бұл қазақстандық экономика үшін өте маңызды құжат деп есептейміз, себебі ол:

v     Жоба бойынша мұнай өндіруді жылына 38 млн. тоннаға дейін өсуіне,

v     Шамамен 20 мың жаңа жұмыс орнын ашуға,

v     Метал құрылманың қазақстандық секторын дамытуға,

v     Атыраудағы газ-химиялық кешенді шикізатпен қамтамасыз етуге,

v     Және басқа да уағдаластықтарға мүмкіндік туғызады.

Бірінші жартыжылдықта келешекте кеңейту эскиздік жобасын бекіту аяқталады және оны іске асыру басталады.

5-слайд

Қарашығанақ жобасы БритишГаз, Эни, Шеврон, Лукойл және ҚазМұнайГаз компанияларымен іске асырылады.

2013 жылы 12 млн. тонна сұйық көмірсутегі және 17 млрд. текше метрден астам газ өндірілді. Ағымдағы игеру фазасында қол жеткен өндіру деңгейін жақын арадағы жылдары да ұстау жоспарлануда. Жоба тарихының 15 жылы ішінде бюджетке түскен төлемдер 12 млрд. доллар шамасында, Қазақстан үшін пайдалы шикізат – 6 млрд. доллардан астамды құрады.

Бүгінгі күнде ұзақ мерзімді перспективалар бойынша шешім әзірлеу, яғни Келешекте Кеңейту Жобасын іске асыру нұсқаларын белгілеу және жобалауды ұйымдастыру жұмыстары жоспарлануда.

2022 жылы жобаны іске асыру үшін бұл процесс 2017 жылы аяқталады деп ойлаймыз. 

6-слайд

Қашаған жобасы Қазақстанда зор резонанс туғызады.  Оның қатысушылары: Шелл, Тоталь, ЭксонМобил, Инпекс, ҚазМұнайГаз компаниялары екенін білесіздер. Өткен жылы КонокоФилипстің орнына қытайлық CNPC қосылған болатын.

Бұл алып жоба қорының көлемі бойынша 2 млрд. тоннадан астам. Сонымен қатар, өзінің техника, технологиялық қиындықтары бойынша да бірегей екенін бірден атап өткім келеді. Әлемдік мұнай қоғамдастығында біздің Қашағанды тек бразилиялық тереңдегі Тупи деген  кен орнын салыстырады. Оның қоры бізге жақын. Мамандардың пікірі бойынша ол шамамен 200 млрд. доллар шығынды талап етеді. Ал кейбір бағалау бойынша шығыны одан да мол болады деп айтылады.

 Сол себептен Қашаған жобасын іске асыру үшін өз кезінде жетекші әлемдік мұнай компаниялары тартылған болатын. Алайда, жобаның ерекшелігі салдарынан, салалық көшбасшылардың қатысуы да кең ауқымды машақаттардан «дауа» бола алмады. Өндіру сатысы бірнеше рет кейінге жылжытылғаны және тек өткен жылдың күзінде ғана басталғаны  өздеріңізге мәлім.

Қазіргі таңда құбыр инфрақұрылымында кейбір проблемалар анықталды. Болашақта бұндай ахуалдарды толық жою мақсатында 2 мыңнан астам дәнекерленген жік тексерілді, 6 мың метрден астам құбырға ультрадыбыс диагностикасы жүргізілді. Алынған мәліметтер мамандандырылған шетелдік зертханаларда анықталды. Сәуір айында құбырдың теңіз бөлігіндегі 25 нүктесінде зерттеу жүргізу жоспарлануда. Айтылған барлық бұл операцияларды жүзеге асыру үшін ұзақ мезгіл керек болып отыр. Қазір бұл процесс жалғастырылуда.

Кен орнында мұнай ойдағыдай мөлшерде өндірілетінін өткен жылдың күзі көрсетті. Ұңғымалар қалыпты жұмыс істеуде және тұтастай алғанда, ауқымды кешеннің жұмыс істеп тұрғанына да көзіміз жетті. Құбырлардағы жекелеген ақаулар тұтас жүйеге әсер етпеуге тиіс деп ойлаймыз. Кен орынның қиын және қауіпті екенін ескере отырып, бұнда асығыстық жасау орынсыз деп ойлаймыз.  Сондықтан жобаның жұмыс істеудегі барлық аспектілерін оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Дата публикации
08 апреля 2014
Дата обновления
11 февраля 2020
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы