Құрметті конференцияға қатысушылар!
Қазақстанның әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялану жағдайында ел экономикасына негізгі және басым бағыттары ретінде тау-кен металлургия кешеніне ерекше орын бөлінеді.
Тау-кен өндірісі және табиғи ресурстарды игеру барлық уақытта адамзат тіршілігінің біраз бағыттары үшін шешуші сәттері болған және болып қала береді. Оның негізінде әлем экономикасы қалыптасады және әлеуметтік сипаттағы міндеттер шешімін табады, ол біздің елдің минералды-шикізат базасының қоры мен қатар тау-кен өндірісінің көлемі бойынша жақын арадағы болашағының даму стратегиясы мен геосаясатында өте зор роль атқарады. Бұл салада Қазақстанда мол ғылыми-техникалық және өндірістік капитал жинақталған, оны қолдау және барынша дамыту қажет, бұл ретте тұрақты даму принципін сақтай отырып, қазіргі және болашақ буынның мұқтажын сайма-сай қанағаттандыру. Бұл оны отандық минералды-шикізат базасының ерекшелігіне және пайдалы қазбалар кен орындарын өндірістік игерудің сыртқы жағдайына сәйкес замануи нарық шартына бейімделуін және одан әрі тиімді дамуы бойынша жедел шараларды талап етеді. Қажетті шараларды іске асыру тиімділігі коп жағдайда аталған саладағы ғылым және өндіріс өкілдерінің бірлескен творчестволық жігері мен өзара іс-қимыл деңгейіне және әлемдік мол тәжірибеге байланысты екені анық.
Бұдан басқа, елдің тау-кен өндірісі кешенінің, оның барлық қызметінің аспектілері бойынша кәсіпорындарының жұмысын үйлестіруді күшейту бойынша шаралар қабылдау мәселесі орынды екені маңызды болып тұр. Бұл осы бағыттағы замануи жалпы әлемдік талаптарға сәйкес мемлекеттік тұрғыдан минералды-шикізат базасын уақытылы толықтырудың бірыңғай саясатын жүзеге асыруға, тұтастай алғанда тау-кен металлургиялық кешенін тұрақты дамуына жалпы саясатты қалыптастыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен институтының 70 жылдығына арналған «Елдің индустриалды-инновациялық дамуына тау-кен ғылымы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу, әрине, өзекті және уақытылы болып табылады, жоғары ғылыми-практикалық, сондай-ақ халық шаруашылығы мәніне ие. Бұл іс-шара ел басшылығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметі жүргізіп отырған индустриалды-инновациялық саясатты сәтті іске асыруға себебші болады. Конференцияға ғылыми жұртшылықтың, тау-кен өндірісінің ірі инвесторлары мен менеджерлерінің қатысуы тау-кен істері саласын дамытудың дұрыс бағытын және орын алған мәселені шешуде қатесіз таңдауды қамтамасыз ететін бірлескен бастаманы қалыптастыруға сенім ұялатады.
Құрметті конференцияға қатысушылар! Сіздерді құттықтай отырып, конференцияның сәтті өтетініне және Қазақстан мен барлық Еуразия кеңістігінің ғалымдыры және практиктары арасында ынтымақтастықтың орнатылатынына сенім білдіруге рұқсат етіңіздер.
Еліміздің әл-ауқатын арттыруға, отандық тау-кен өндірісі саласын дамыту болашағына және Қазақстан халқының гүлденуіне жоспарланған мәселелерді жемісті талдауға және жоғары нәтижеге жетуге шын жүректен тілек білдіремін. Конференцияға қатысушылар мен қонақтарға бақыт және сәттілік, өздерінің ғылыми-практикалық бағыттарын іске асыруда мол творчестволық табыс тілеймін.
Осы сәтті пайдаланып, «Қазақстан Республикасының минералды шикізатын кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК филиалының Д.А. Қонаев атындағы тау-кен институтының басшылығы мен ұжымын 70-жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Тау-кен өндірісінің ағымдағы және болашақтағы міндеттерін іске асыруда және одан әрі әлеуетін дамытуда Сіздерге табыс пен жемісті еңбекті, ал институтқа сәттілік пен гүлденуді тілеймін!
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
В. Школьник |