Меню

Страницы

Статья

"Газды тасымалдаудың жаңа бағыттары" тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі М.М. Мырзағалиевтің ОКО-дағы 07.12.2015ж. брифингтегі баяндамасы

Қайырлы күн, құрметті журналистер, брифингке қатысушылар!

Бүгінгі кездесуімізді ерекшелендіріп, брифингті жақсы жаңалықтардан бастағым келіп отыр. Осыдан бір апта бұрын, Алматы облысының Жамбыл ауданында «Қазақстан-Қытай» газ құбырының үшінші «С» желісі және екі компрессорлық станция іске қосылды және газды айдау жұмыстары басталды. Сонымен қатар 2017 жылы аяқталатын 6 компрессорлық станция салынып болған соң, «С» желісінің жылдық өнімділігі 25 млрд. текше метрді құрайды. Нәтижесінде «Қазақстан-Қытай» газ құбырының қуаттылығы жылына 30-дан 55 млрд. текше метрге жетеді.

Осындай ірі, маңызды жобалардың қолданысқа берілуі Мемлекет Басшысының көп жылдар бойы шетелдік инвесторлардың бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуінің арқасында жүзеге асып отыр. Нәтижесінде Қазақстанның көмірсутектерін тасымалдаудың көп векторлы жүйесін құру саясатын жүзеге асыруға, газды тасымалдау бағыттарын әр тараптандыруға мүмкіндік береді.

Аталған жоба толығымен шетелдік инвестициялармен қаржыландырылды. Құрылыс жұмыстары жүргізілген кезінде 14 мыңнан астам жұмыс орны ашылған болатын, ал пайдалану кезінде мыңнан астам жұмыс орнының ашылуы жоспарланып отыр.

Келесі жағымды хабар, ол «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырын салу жобасы туралы болмақ. Бұл жоба Елбасының 2008 жылғы жолдауына сәйкес республиканың оңтүстік өңірлерінің газға сұранысын қамтамасыз ету мақсатында салынып жатыр. Осыдан екі жеті бұрын «Бейнеу-Бозой» бөлігі газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталды. Ал «Бозой-Шымкент» бөлігі 2013 жылдың соңында іске қосылды, қазірдің өзінде «Бозой-Шымкент» бөлігі арқылы 2 млрд. текше метрден астам газ тасымалданды. Жалпы Жобаның толық аяқталуы 2017 жылға жоспарланып отыр. Жобалық қуаты жылына 10 млрд. текше метр газ болады деп күтілуде. Осы ауқымды жобаны іске асыру нәтижесінде, шамамен 600 елді мекенге, яғни 2 млн. тұрғынның үйіне газ тарту жоспарланып отыр. Нәтижесінде Қазақстанның оңтүстігі отандық газбен қамтамасыз етіледі және еліміздің импортқа тәуелділігі азаяды.

                                                       

Жобалар жөніндегі толық мәлімет осы. Келесі қозғалатын өзекті мәселелер еліміздің тұрғындарын газбен қамтамасыз ету, газ-көліктік инфрақұрылымды кеңейту және газ саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат шеңберінде жүргізілген жұмыстар туралы болады.

Соңғы 10 жыл ішінде республикамызда 130 жоба іске асырылды, соның арқасында бүгінде мың бір жүз алпыс (1 160) елді мекен газға қосылды. Жалпы айтатын болсақ, он алты

аумақтың тоғызы табиғи газға қосылды. Нәтижесінде 7 миллионнан астам тұрғын газбен қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда да Қазақстанды газдандыру жұмыстарын бұдан әрі жалғастыру мақсатында алдыңғы жылы Үкімет тарапынан маңызды екі құжат бекітілді. Олар – Қазақстанды газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас схемасы және 2030 жылға дейін газ секторын дамытудың тұжырымдамасы.

Бас схеманы іске асыру:

* 2030-шы жылға дейін газдандыру деңгейін қазіргі 7 миллионнан 10 миллионнан астам тұрғынға арттыруға, сондай-ақ

* еліміздің 1 600-ден астам елді мекенін газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2015 жылы республикалық және жергілікті бюджет, «ҚазТрансГаз» ұлттық операторының қаражаты есебінен Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе және Қызылорда облыстарын қамтитын барлығы 18 елді мекен, яғни 176 479 тұрғын газбен қамтамасыз етілді.

2016-2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджет есебінен Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарын қамтитын барлығы 66 елді мекен, яғни 155 892 тұрғын газға қосылады.

Сонымен қатар 2016-2020 жылдар аралығында елімізді газдандыру жұмысына жоғарыда аталған 2 бюджеттен басқа, ұлттық оператордың қаражаты да тартылады. Нәтижесінде Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарын қамтитын барлығы 14 елді мекен, яғни 266 600 тұрғынды газбен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.

Ол Жобаларға ҚазТрансГаз акционерлік қоғамының бас директорының орынбасары Ерқанат Уақбайұлы Темірханов өз баяндамасында толық тоқталып өтеді деп ойлаймын.

Осымен Қазақстанның газ-көлік жүйесін дамыту бойынша қысқаша баяндамам аяқталды.

Назарларыңызға рахмет.

Дата публикации
07 декабря 2015
Дата обновления
11 февраля 2020
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы