Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
1. 2017 жылы ТЭК индикаторларына жету бойынша
Мақсатты индикатор «ЖҚҚ нақты өсімі,%» ЖЭК бойынша
2017 жылдың жоспары кезінде – 4,3%, нақты 9,1% құрады, артық орындау 4,8 %.
Анықтама ретінде: Жобалық басқаруда мақсатты индикаторды есептеу кезінде 83 млн. тонна мұнай өндіру көлемі жоспарланды. Мақсатты индикаторлар Ұлттық экономикаминімен әзірленіп, мамырда Мемкомиссияда бекітілді.
ЖЭК жобалық бағыты кесінінде артық орындау «Мұнайгаз өнеркәсібі» мен и «мұнайөңдеу» 2 бағыты (+4,8%) бойынша байқалады:
1) Мұнай өндіру көлемі – 86,2 млн. тонна (Физикалық көлем индексі – 110,5%), соның ішінде Қашағанда – 8,3 млн. тонна, Теңізде – 28,7 млн. тонна. Газ өндіру көлемі – 53 млрд куб. м (ИФО – 110%).
2) Мұнай өңдеу көлемі – 14,9 млн. тонна (ИФО – 102,8%), негізгі мұнай өнімдері өндірісінің көлемі (бензиннің барлық маркілері, дизель отыны, авиакеросин және мазут) 10,3 млн. тоннаны құрады.
«Инвестицияның нақты өсімі, мақсатты индикаторы %» жоспар бойынша – 4,6 %, нақты – 5,3 % құрады.
Негізгі үлес «Мұнайгаз өнеркәсібі» бағыты есебінен, атап айтқанда Теңіздің келешек кеңейту жобасын іске асыру.
Алдын ала деректер бойынша ПБР ТШО игерілген салымдардың жылдық сомасы 1,8 трлн.теңгені құрайды. Тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесінің көрсеткіші 32% құрады. Шамамен 25 мың жұмыс орны құрылды.
Бұл ретте, Статистика комитетінің деректеріне сәйкес тау-кен өнеркәсібіндегі негізгі капиталға инвестиция көлемі 2017 жылдың қаңтары мен қарашасында 2,58 трлн. теңгені құрады, соның ішінде шикі мұнай мен табиғи газды өндірудегі инвестицияның айтарлықтай өсімі – 2,1 трлн.теңге.
Жалпы, «Мұнайгазохимия» және «Атом өнеркәсібі» жобалық бағыттарының үлесі 2017 жылы айтарлықтай емес.
2. 2018 жылы ЖЭК мақсатты индикаторлары бойынша
2017 жылдың жоғары базасын есепке ала отырып, 2018 жылы ЖЭК-тен ЖҚҚ өсімі 2,2 % деңгейінде күтіледі және басқа салалардың (көмір, эдектрмен жабдықтау) жанама үлесінің есебінен мақсатты индикатор 2,5% құрайды.
2018 жылға арналған Жобалық басқару шеңберінде мұндай өсімге жету үшін мынадай көрсеткіштер қойылады:
1) ӘЭДБ-ға (әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Мұнай өндіру көлемі – 87,0 млн. тонна. Өсім 2017 жылмен салыстырғанда (86,2 млн. тонна) 0,9% құрайды немесе өндіру 800 мың тоннаға артады.
ЭМ ЖБ (жобалық басқару) мақсаты үшін 87,2 млн. тонна өндіруді болжайды, бұл кен орнының технологиялық мүмкіндігіне сүйене отырып, шекті өндіру деңгейі болып табылады. Бұл ретте, 2018 жылы өндірудің өсімі 2017 жылмен салыстырғанда 1,16% құрай алады.
ӘЭДБ-ға Газ өндіру көлемі – 53,4 млрд. куб. м. 2017 жылдың фактісімен салыстырғанда өсім (52,9 млрд. куб. м.) 0,9% құрайды немесе өндіру 500 млн. куб. м.өседі.
ЭМ ЖБ мақсаты үшін 53,5 млрд. куб. м. Газ өндіруді болжайды (негізінен газ ілеспе болып табылатындықтан, өсім мұнай өндіру бойынша ұлғайтылған болжамға байланысты, газ факторы 1 тонна мұнайға орташа 500-540 куб. м. құрайды). Бұл ретте, 2018 жылы өндірудің өсімі 2017 жылмен салыстырғанда 1,13% құрай алады.
2) ӘЭДБ-ға мұнай өңдеудің көлемі – 15,8 млн. тонна. Өсім 2017 жылмен салыстырғанда (14,9 млн. тонн) 6% құрайды немесе 900 мың тоннаға өседі.
ЭМ ЖБ мақсаты үшін өңдеу көлемін 16 млн. тоннаға дейін ұлғайту мүмкіндігін болжайды (ПКОП жөндеу кезеңінде ПМХЗ қосымша жүктемесі есебінен). Бұл ретте, 2018 жылы өсім 2017 жылмен салыстырғанда 7,38% құрай алады.
Анықтама ретінде:бұған дейін 2017 жылдың екінші тоқсанында Мемкомиссияда 17,3 млн. тонна өңдеу көрсеткіші бекітілген (16,6 млн. тонна үш ҚР МӨЗ-де және 0,7 млн. тоннаCaspiBitum-де). Қазіргі уақытта барлық МӨЗ-де жаңғырту аяқталды, бірақ
- АМӨЗ-де лицензиарлардың талаптарына сәйкес, барлық құрылғылардың кезеңді «кеңеюін» талап ететін іске қосу жұмыстары жүргізілуде (бұл шамамен 6 айдай уақыт алады). Осылайша, АМӨЗ жаңғыртудан кейін барлық қуатты пайдалануға және көрсетілген іске қосу жұмыстары аяқталғаннан кейін К4 және К5 класты отын шығаруға толықтай көше алады.
- на ПКОП-та жаңғыртудың екінші кезеңінің жұмысы, сондай-ақ кейіннен тауарлық өнімді шығарумен іске қосу жұмыстары мұнай өнімдерінің қосымша көлемін беретін, 2018 жылдың жаздың аяғына қарай аяқталады.
- ішкі нарыққа мұнай жеткізу бойынша негізгі мұнай өндіруші компанияларға әсіресе Құмкөл мен Ақтөбе тобының кәсіпорындары үшін жүктеме әр жыл сайын өсіп жатқанын атап өту қажет. Ішкі нарыққа мұнай жеткізу бағасы экспорттық бағадан айтарлықтай төмен, бұл мұнай өңдеуші компаниялармен айтарлықтай кіріс алмауға және барлау жобасындағы пайданы қайта инвестициялау мүмкіндігін төмендетуге алып келеді. Ішкі нарыққа жыл сайынғы жүктеменің өсімі ҚР-дағы кен орындарында мұнай өндірудің табиғи құлдыраумен ауырлатады. Атап-айтқанда, Құмкөл тобында өндіру 2014 жылы 9,9 млн. тоннадан 2017 жылы 6,8 млн. тоннаға дейін төмендеді (3,1 млн. тоннаға қысқарды), ал Ақтөбе тобында өндіру 2014 жылы 7,5 млн. тоннадан 2017 жылы 6,1 млн. тоннаға дейін төмендеді (1,4 млн. тоннаға қысқарды) және әрі қарай қысқару үрдісі бар.
Кен орындарының осы екі тобы (2017 жылы жиынтық өнім – 12,9 млн. тонн)2018 жылдың жоспары бойынша11,1 млн. тоннаға дейін өңдеуі тиіс, ПМХЗ мен ПКОП-қа негізгі мұнай жеткізушілер болып табылады (жүктеме шамамен65% құрайды және ұлғаятын болады). Өндірудің негізгі өсімін үш ірі жоба – ТШО, Қашаған, Қарашығанақ қамтамасыз етеді. Олар ішкі нарыққа жеткізу бойынша міндеттемесі жоқ немесе теориялық тұрғыдан жеткізуді тек экспорттық бағада жүзеге асыра алады (ішкі нарыққа бұл жобалармен тарихи жеткізу іс жүзінде болған емес).
3) Негізгі мұнай өнімдері өндірісінің көлемі (барлық маркалі бензиндер, дизель отыны, авиакеросин және мазут) 2018 жылдың өндірістік жоспары бойынша – 11,407 млн. тоннаны құрайды, 2017 жылмен салыстырғанда (10,281 млн. тонна) 10,95% немесе 1,125 млн. тоннаға артық өсімді береді.
ЭМ ЖБ мақсаты үшін негізгі ЖЖМ шығару көлемін 11,6 млн. тоннаға дейін ұлғайтуды болжайды. Бұл ретте, 2018 жылы өсім 2017 жылмен салыстырғанда 12,8% құрай алады.
2. Индикатор бойынша Инвестиция өсімі - 5,4%. 2018 жылы «Мұнайгаз өнеркәсібінде» инвестиция көлемін 300 млрд.теңгеге ұлғайту күтілуде, ал мұнай өңдеуде МӨЗ жаңғыртудың аяқталуына байланысты айтарлықтай төмендейді.
Анықтама ретінде: ПБР ТШО бойынша 2018 жылы 2,4 трлн. теңгені игеру жоспарлануда.
3. Еңбек өнімділігінің өсімі - 8,5% (индикатор бойынша деректер барлық тау-кен салаларының, соның ішінде көмір, мұнайсервис және кен-руда саласы бойынша ҰЭМ Статкоммен қалыптасады)
«Мұнайгазохимия» мен «Атом өнеркәсібінде» үлес 2022 жылға дейін айтарлықтай емес, өйткені жобаны (полипропилен, полиэтилен, завод ТВС) іске қосу 2022 жылдан кейін жоспарланады.
4. Жұмыспен қамту - 273 мың адам (индикатор бойынша деректер тау-кен салалары, соның ішінде көмір, мұнайсервис және ТМК салаларындағы жұмыспен қамту есебінен ҰЭМ Статкоммен қалыптасады):
«Мұнайгаз өнеркәсібі» - 60 000 адам, мұнайсервис қызметі (шамамен 160 мың адам), көмір және ТМК есебінсіз.
«Мұнайөңдеу» - 5700 адам
«Мұнайгазохимия» - 1900 адам.
«Атом өнеркәсібі» - 8630.
3. Толық жоспарлар
2018 жылдың толық жоспарлары жобалық бағыттар кесінінде және ЖЭК бастамасымен жасалған.
«Мұнайгаз өнеркәсібі» жобасы
1. Теңізшевройл келешек кеңейту жобасы (іске асыру мерзімі – 2022 жыл) бұл мұнай өндірудің жылына 12 млн. тоннаға өсуін қамтамасыз етеді.
Толық жоспарлау және сатып алу бойынша жұмыс жалғасуда.
Жобалау бойынша ағымдағы прегресс 65% құрайды, сатып алу бойынша 46%,
жыл соңына жобалау бойынша жоспар 80%, сатып алу бойынша 55%.
Модулдер мен құбыр тіректерін дайындау басталды.
Ағымдағы прогресс 9%, жыл соңына жоспар23%.
Прорва портының құрылысын аяқтау жоспарлануда және модулдер мен құбыр тіректерін тасымалдау басталды. Ірі құрылыс келісімшарттарын беру және Теңізге мердігерлерді жұмылдыру жоспарлануда. Толық жоспарлау, сатып алу және меодулдерді дайындау бойынша жұмыс жалғасатын болады.
2. Қарашығанақ кен орнында сөре өндірісін ұзарту жобалары (іске асыру мерзімі – 2021 жыл) Бұл Қарашығанақта газ дайындау бойынша қосымша қуатты қосады.
Ұзақ мерзімді өңдеудің материалдары мен жабдықтарын сатып алу бойынша жұмыс жалғасуда.
Іске асырудың белсенді фазасына көшу (объектілер құрылысы). Сондай-ақ «газды кері айдаудың 4-ші компрессоры», «газ бойынша өндірістік шектеулерді алу» және «5-ші магистралдық құбыр жүргізу» жобалары бойынша соңғы инвестициялық шешімді қабылдау жоспарлануда.
3. Қарашығанақты кеңейту жобасы (іске асыру мерзімі – 2023 жылдан кейін) Бұл мұнай өндірудің ағымдағы деңгейін қолдау мақсатында жаңа қуаттарды қондыруды қосады.
2018 жылы тұжырымдамалық жобалауға әрі қарай көшу үшін тұжырымдама таңдауды белгілеу жоспарлануда. Іске қосуҚарашығанақ кен орнында сөре өндірісін ұзарту жобалары бойынша Жобаны аяқтағаннан кейін жоспарлануда.
4. Газды кері айдау бойынша қуатты кеңейту (Қашаған) (іске асыру мерзімі – 2024 жыл) Бұл 1 кезеңде тәулігіне47 100 т-дан 57 300 т-ға дейін өнімділікті арттырады.
Тұжырымдама мен шығындарды оңтайландыру бойынша жұмыс жалғасуда.
Шешімнің дәлірек өлшемдері әзірленетін болады.
Қашаған кен орнында газды кері айдау бойынша қуатты кеңейту тұжырымдамасын таңдау және шығындарды оңтайландыру бойынша жұмыс жалғасуда, ол тәулігіне 370-тен 450 мың баррел мұнай өңдеу сөресі деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
5. «Хазар» және «Қаламқас-теңіз» (Синергия) кен орындарын бірлесіп игеру (іске асыру мерзімі – 2021 жыл)
Экономикалық көрсеткіштерді жақсарту үшін шығындарды оңтайландыру және тұжырымдаманы анықтау бойынша жұмыс жалғасуда. Бірлесіп игеру принципі бойынша екі ӨБК арасында келісімге қол жеткізу жоспарлануда.
Соңғы тұжырымдаманы таңдауды жүзеге асыру және алдын ала базалық жобалау бойынша жұмысқа кірісу күтілуде.
6. Әлемнің басқа елдерінде қолданылатын мұнай беруді арттырудың озық тәжірибесі мен әдістерін қолдану және нақты кен орындарының жеке жағдайларына түрлі технологияларды бейімдеу (іске асыру мерзімі – 2018 жыл) кен орындарын игеру үшін бақылауды жетілдіру 2025 жылға дейін шамамен1 млн. тонна мұнай өндіруге мүмкіндік береді.
Жобалық институттарға, тәуелсіз сарапшы операторының және нормативтік-техникалық құжатты әзірлеудің біліктілік талаптарын жүргізу сияқты, Жер қойнаулары туралы кодекс пен Салық кодексінің шеңберінде заңға тәуелді НҚА әзірлеу.
7. Қолданыстағы келісім-шарттардың шеңберінде КСШ қорларды толықтыру мақсатында геологиялық барлау жұмыстарын ынталандыру және жандандыру (аяқтау мерзімі – 2025 жыл) Бұл геологиялық барлауға инвестиция тартуға және 2025 жылға дейін шамамен1,8 млн. тонна мұнай өндіруге мүмкіндік береді.
Барлау сатысында мұнайгаз компанияларына преференция/жеңілдік беру бөлігінде ұсыныстарды қарау жоспарлануда.
8. Теңіз жобалары бойынша жұмысты ынталандыру және жандандыру (іске асыру мерзімі – 2025 жыл) Бұл КСШ ресурстық базасын ұлғайтуға 2025 жылға дейін шамамен2,6 млн. тонна мұнай өндіруге мүмкіндік береді.
КТҚС ағымдағы жағдайын бағалау және теңіз кен орындарын игерудің ымыралық мәселесін қоса, іс-шаралар жоспарын дайындау жоспарлануда.
«Мұнай өңдеу» жобасы
9. ҚР МӨЗ күрделі аралық жөндеу кезеңіне көшу (соның ішінде ТҚОЖ жүйесін автоматтандыру) (іске асыру мерзімі – 2018 жыл) Бұл АМӨЗ, ПМӨЗ, ПКОП 300 мың тоннаға өңдеу көлемін өсіруді қамтамасыз етеді.
ТҚОЖ басқару жүйесі, инсаекциямен басқару жүйесі және сенімділікті қамтамасыз ету, жабдықтарды мониторингтеуді басқару мен жабдықтардың бос тұруы есебінің жүйесі енгізіледі.
10. Отандық МӨЗ жүктеуін ұлғайту (іске асыру мерзімі – 2020 жыл) Бұл жеке өндіріс есебінен мұнай өнімдеріндегі ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ішкі нарыққа мұнай жеткізудің экономикалық тартымдылығын тудыру мақсатында мүдделі меморгандармен тиісті жұмыстар жүргізілуде:
- АИ-80 –ге бағаны мемлекеттік реттеуді алып тастау;
- қара түсті мұнай өнімдерінің, атап айтқанда ауыр дистилляттық сұйық отынға экспорттық кеден баж салығын көтеру бойынша шаралар;
- қара түсті мұнай өнімдеріне шығару баж салығының құнын төмендету және бірегейлендіру;
- импортталатын және отандық бензин мен дизель отынына акциздердің құнының теңестіру;
- МӨЗ жаңғыртқаннан кейін ашық түсті мұнай өнімдеріне экспорттық кедендік баж салығының құнын төмендету және экспортқа тыйымды алып тастау.
- Қазақстан аумағында тауар биржалары арқылы мұнай мен мұнай өнімдерін сату рәсімдерін қамтаамсыз ету және тетіктерін әзірлеу.
«Мұнайгазохимия» жобасы
11. Полипропилен өндірісі бойынша зауыттың құрылысы (іске асыру мерзімі – 2021 жыл) 500 мың тонна полипропилен шығаруды қамтамасыз етеді; құрылыс кезеңінде 3000, пайдалану кезеңінде 500 жұмыс орнын құрады; 2025 жылға дейін 95 млрд. теңге көлемінде салық қаражатының түсуін қамтамасыз етеді.
Құрылыс жұмыстарын, атап айтқанда негізгі қондырғы мен қосалқы ғимараттар үшін іргетас құрылғысы бойынша жұмыс жоспарлануда. 1000 дейін жұмыс орны құрылатын болады.
12. Полиэтилен өндірісі бойынша зауыттың құрылысы (іске асыру мерзімі – 2024 жыл) 800 мың тонна полиэтилен шығаруды қамтамасыз етеді; құрылыс кезеңінде 3000, пайдалану кезеңінде 500 жұмыс орнын құрады; 2025 жылға дейін 60 млрд. теңге көлемінде салық қаражатының түсуін қамтамасыз етеді.
Бірлескен кәсіпорын құру және жобалық құжаттаманы әзірлеуді бастау жоспарлануда.
13. ҰИМТ АЭАинфрақұрылымының құрылысын аяқтауға қаражат бөлу (іске асыру мерзімі – 2023 жыл)жалпызауыттық және өндірістік инфрақұрылымды аяқтауға мүмкіндік береді.
газотурбиналық электр станциясының құрылысы жалғасуда, сығылған ауа мен азот өндірісінің қондырғысы, су дайындау мен ағын суларды тазалау бойынша ЖСҚ түзету жасау жоспарлануда, жалпызауыттық инфрақұрылымның ЖСҚ әзірлеу.
«Атомэнергетикасы және өнеркәсібі» жобасы
14. Жылу бөлетін жинамалар (ЖБЖ) өндірісі бойынша зауыт құрылысы (іске асыру мерзімі – 2020 жыл) Бұл 2022 жылдан бастап 200 тоннаға дейін дайын өнім шығаруды қамтамасыз етеді.
ЖБЖ зауыттың жұмыс жобасын әзірлеуді аяқтау, ғимаратты сейсмо-күшейту бойынша конструкцияның сыртқы жұмыстарын аяқтау, сондай-ақ француз өндірісінің негізгі технологиялық жабдықтарының үш бірлігін әзірлеп, жеткізу.
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Жобалық басқаруды ендіру шеңберінде отын-энергетика кешеніндегі негізгі жұмыстар осындай.
Назарларыңызға рақмет!